Ғажап бояу жағады,
Ғали сурет салады.
Гөк, Гөк, көги гөк,
Көк көп, көги көк,
Гөк, Гөк, көги көк.
Гүл-гүл жайнап жер-аспан,
Гүрілдейді сайда өзен,
Гүлжазира жарасқан,
Гүлдерімен қай кезең?
Гүлжамила – бақташы,
Гүлге толы бақшасы.
Гауһар жеңін түрінді,
Газға балық қуырды.
Гүлдерге су себелеп,
Газетке де үңілді.
Біздің ел – күрішті,
Ырысты-күрішті.
Күрішті оруға
Ырысты кірісті.
Бос шатыр,
Бос жатыр.
Бақшашы бақша бақса,
Бақшасы сатса ақша.
Балық көп пе екен,
Халық көп пе екен?!
Халықтың ішінен кім
Балықты сөкті екен?
Бұл құр емес, бұл – шіл,
Бұл шіл – сұр шіл.
Бақбақ бақта бар,
Бақа да бақта бар.
Байғыз – қай құс?
Байғыз – байғұс.
Ұшады жалғыз.
Бөрте серке қой бастайды,
Қой бастаған серкелер ойқастайды.
Біл, бұл – тіл,
Бұл – бір ірі піл.
Бөдене бедеде,
Көбелек көдеде.
Бедені – беде де,
Көдені – көде де.
– Былтыр
Құлпырды бұл қыр,–
Деді сұр құр.
– Биыл сол қырың – шиыр,–
Деді сиыр.
– Шындық мұның,–
Деді құлын.
Бір кезде
Бір кезбе,
Тау мен тасты көп кезді.
Бір кезбе,
Бір кезде
Тау текеге кез келді.
Бұтап, бұтап, бұтақты,
Бұтақты тұтатты.
Тұтатты бұтақты,
Бұтақты тұтатты.
Бұл сайда
Кәрі ағаш та бар,
Жас ағаш та бар,
Кесіп алсаң
Шоң ағаш та бар,
Ат ағаш та бар.
Былдыр, былдыр, бүлдіршін,
Бұл бір білгір бүлдіршін,
Білгірлігін білдірсін.
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі