«Хатима мен
Хатипаға,–
Хамит аға,–
Хат жазғын»,– деді.
Хабиба сөмке көтерген,
Хат-хабар күнде әкелген.
Үлгілік – үйретуден,
Үлгерулік – үйретуден,
Үлгілілік – үздіктен,
Үздіксіз үйретуден.
Үшкір тұмсық,
Сұр шымшық,
Сордан ұшты
Құрт шымшып.
Үйрек дәйім тіледі,
Үлгілі үйрек болуды.
Үкімен бірге үнемі,
Үрікпей жүру көңілді.
Үйір-үйір үйректі,
Үйірге кім үйретті?
Үйір-үйір үйректі,
Үйірге өзім үйреттім.
Үш кісінің ұшы үшкір,
Үш кісінің ұшы ескі,
Үш ішік тыстадым,
Үш үскі ұштадым.
Үш егізбіз, үш егізбіз,
Асты бірге ішеміз біз.
Үйде ойыншық үлегім,
Үлегімді үремін.
Үремін де үнемі,
Үстіне өзім мінемін.
Үш кiшi iшiк пiштiм,
Бес кiшi iшiк пiштiм:
Неше кiшi iшiк пiштiм?
Ұн тартқан,
Аппақ ұнтақ шынтақтан.
Ұста еңбек тарланы,
Ұғып алғын бар мәні!
Ұстамасаң балғаны,
Ұстап көрші, ал кәні!
Ұйқышыл кісіні ұйқы қысты,
Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті.
Ұлсынай – ұшқыш ер жүрек,
Ұнайды оған зәулім көк.
Ұстап қара қарындашын,
Ұштап қарындашын қарындасым
Ұсынды қарындасым қарындашын.
Уықтардың барлығын,
Уыққапқа сал, күнім,
Уыққапқа салған соң,
Уыздан жеп ал, күнім.
Уфаға барып оқыған,
Уәли жібек тоқыған.
Тырмада бар,
Қойшыда жоқ,
Тырнада бар,
Аңшыда жоқ.
Торғай тоғайды ұнатады,
Тоғай торғайды ұнатады.
Тарғыл итім, талға орал!
Тас тостаған,
Тас тостаған ішінде
Тас тастаған.
Тарғақты тақыр жерге
Жұмыртқалатпақшымыз,
Жұмыртқаламаса да
Жұмыртқалатпақшымыз.
Түйетабанды
Түйе табанымен таптаса,
Табанына
Тікен кіре ме?
Табанымен
Түйе
Түйетабанды таптаса
Табанына тікен кірмей ме?
Тамшылар тамшы тамса,
Тығылар таса тапса.
Төлеңгітті Төлен күтті.
Төлеңгіт Төленнен өлең күтті.
Тойболды тойға барады.
Тоқтарбай тоқталмай ол да барады.
Қойгелді жолда қалады.
Таудан түсіп келеді тау ұлдары,
Тау ұлдары сүйеді қауымдарын.
Тау ұлдары сүйеді ауылдарын,
Тамашалап жүреді тауын, бағын.
Тарпаң тайлар қай қорада?
Тарпаң тайлар тар қорада.
Тұрарбек Тұралбектер бiр ел ме екен?
Тұралбек Тұрарбектi бiлер ме екен?
Тiреуiшке түйрегем түйреуiштi,
Күлдiреуiшке тiрегем тiреуiштi.
Түйреуiшiм тiреуiшке түйрелмептi.
Күлдiреуiшке тiреуiшiм тiрелмептi.
Тоғыз ақ баспақ тана,
Тоғыз ақ баспақ тана iшiнде
Жалғыз тарғыл тайпақбас баспақ қана.
Толағайдың торы ала аты бар,
Толағай, торы ала атыңды
Тағалатып ал.
Тебiншек ат – шегiншек,
Шегiншек ат – тебiншек.
Тарғыл иттiң құйрығы
Талға оралар,
Талға оралар.
Саптап, сақтап орақ, шалғы,
Жұмсай берді олар, олақ шалды.
Сегіз семіз серке,
Семіз сегіз ерке.
Сегізі де егіз,
Семізі де сегіз.
Сорпа іштік,
Сорпа ыстық.
Сондықтан қорқа іштік.
Сағат сыртылдады,
Сырға сыңғырлады.
Сұр інгенді сүрінгенде демейін,
Сүрінгенді сүрінген еді демейін.
Сулы жерде жалбыз бар,
Жалбызға сен жалғыз бар.
Жалғыз бар да, жалбызды ал.
Суда сең келеді,
Сегіз серке тең келеді.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі