Солақайдың сол қолы – оң қолы,
Оңқайдың оң қолы – сол қолы.
Сызық сызып қызық сызды,
Қызық сызып, бұзып сызды.
Сең сел емес,
Сел сең емес.
Мен сен емес,
Сен мен емес.
Сенсең,
Бейсенде бар сеңсең тон,
Сейсенде бар сеңсең тон,
Кигендері өңшең тон.
Сүрiнген сұр iнген бе,
Сұр iнген сүрiнген бе?
Сыздық судан сүлiк сүздi,
Сыздықтың сүлiк салмасын үздi.
Салмадан сүлiк шығып сытылып
Суға түсiп, сумаңдап жүздi.
Сүт бетiнде май балқаймақ,
Ол қай май балқаймақ?
Балдан тәттi бал майқаймақ.
Сыпыра сөктiм, сыпыра тiктiм,
Сыпыра сөктiм, сыпыра тiктiм.
Пайдалы деп,
Пияз жеп,
Парлады жас көзімнен.
«Пыссыншы біраз» деп,
Пысылдадым төзіммен.
Пай-пай тіпті күш қалмай,
Піл қорықты тышқаннан.
Пана таппай жортады,
Пәледен жаман қорқады.
Пеш үстінде бес мысық –
Бес күзетші, бес пысық.
Тышқан ұстап жемесе,
Бола қоймас еш қызық
Піскен пісте,
Піс те,
Жерге түспе.
Паровоздың түтіні будақ-будақ,
Жолаушылар барады улап-шулап.
Паровоздың түтіні будақ-будақ,
Анда-санда қояды тулап-тулап.
Өңеші кем емес,
Өңеші кең өңеш.
Өмеште өңеш кең.
Өнері оның алуан,
Өміртай – боксер, палуан.
Өкшелеп қуып,
Көшкен ауылды.
Өкпем өшіп,
Өкшем ауырды.
Өте мерген Орман атты,
Ор түбiнен ор қоян атты.
Оқ тиген соң өте қатты,
Ор түбiнде ор қоян жатты.
Он қап,
Он қапты қақ,
Он қапты қақ та,
Қатта.
Ол аралда да марал,
Бұл аралда да марал.
От екен маралға да арал,
Оттайтын аралда да марал.
Орын берсең кіргенде,
Үлкен кісі есіктен.
Үлгілі екен демей ме,
Үйренген ғой бесіктен.
Ол да Ділдә,
Бұл да Ділдә.
Ол да Әбділдә,
Бұл да Әбділдә.
Озған сәл алды,
Бәйгені шал алды.
Шал әлі әлді.
Оқуда Ораз озар ма екен?
Ажар озар ма екен?
Оқуға салақтар,
Тек кетіп парақтар.
Сабақта алақтар
Далада далақтар.
Орманбай аңшы,
Марқабай малшы,
Тұра қап алшы,
Құрығыңды суға малшы.
Орта таудың басына
Отау тiкпек айнала,
Отауымды қотаныма тiгем,
Қотанымды отауыма тiгем.
Ол алқапты олар орар,
Бұл алқапты бұлар орар,
Орал ормаса, Омар орар.
Нақаш ағасы – нағашысы,
Нағаш – Нақаш нағашысының нағашысы.
Малтам бар қалтамда,
Бір қалта арқамда.
– Мынау балқаймақ қай балқаймақ?
– Бұл балқаймақ – май балқаймақ.
Малға,
Шөп керек,
Шөп көп керек,
Көк шөп керек.
Мұзға мұз ұқсас,
Тұз – тұзға ұқсас,
Мұз да, тұз да ұқсас.
Мынау тұрған неменелер?
Неменелер дегенің шөмелелер.
Төбедегілер де шөмелелер.
Мергеннің еңбегі – ерлігі,
Ермегі – еңбегі.
Маған аға:
«Шықшы,– деді,– бағанаға».
Маған аға:
«Шықшы,– деді,– далаға да!»
Маған сенсең, көк сеңсең көп сеңсең,
Өзгелер сенбесе сенбесiн, маған сен сен.
Мына сайда отырған бай Бағланбай
Бұл қай бай Бағланбай?
Бұл қай бай Бағланбай?
Мынау арал қай арал?
Қайың менен тал арал,
Талға қарға ұялар.
Лаула алау лаула,
Алауласын аула.
Лама жайын білдің бе?
Лана гүлін тердің бе?
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі