А. Байтұрсынұлы. Оқуға шақыру

Алматы қаласы
№19 ЖББМ
Бастауыш сынып мұғалімі
Минахунова Ляззат Изетаевна

Пәні:әдебиет 3- сынып

Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынұлы. Оқуға шақыру

Сабақтың мақсаты: Өлеңді оқи мазмұнын түсіндіру, негізгі ойды ұғындыру. Мәнерлеп түсініп оқу дағдыларын дамыту. Оқуға, білімге, ізденуге, еңбексүйгіштікке баулу.

Күтілетін нәтиже: өлеңнің мазмұнын түсінеді, сөздік қоры молаяды, топпен жұмыс істейді, мәселеге сыни тұрғыдан қарап, өз ойын айтады, өзгенің пікірін тыңдайды.

Әдіс-тәсілдер: ыстық орындық, ойлан-бөліс, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, ой қорыту.

Қолданатын модульдер: сыни тұрғыдан ойлау, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқу және оқыту, диалог.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, смайлик, фломастер, интерактивті тақта, слайд, ақ қағаз, жапсырма үлгілер.

 

Ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

«Менің орным қайда»

 

«Ыстық орындық»

Психологиялық дайындық 

Үлкенге де сіз!
Кішіге де сіз!
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз!

Топқа бөлу. Топ жетекшісін сайлау. «Алтын ереже құру»

 

Әр топ бір-біріне сұрақ қояды.

Әр топ «Пікірлер ағашы» арқылы А.Байтұрсынұлы туралы толық мәлімет айту.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

 

Қиылған бөліктерден өзідерінің сыңарын табу арқылы үш топқа бөлінеді

Сұрақтарға жауап беру арқылы, А.Байтұрсынұлы туралы мәлімет айтып, үй тапсырмасын қорытады.

Қызығушылықты ояту

Жұмбақ шешу

Теңіздей түбі терең,

Сүңгіген жетер әрең. (Білім)

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

 

 

 

 

 

Қолдану

Қолдану

Бүгін А.Байтұрсыновтың «Оқуға шақыру» өлеңін оқимыз.

1. Сөздік жұмыс интерактивті тақтадан көрсетіп түсіндіру.

Іздеп тауып алалық -  үйрену,оқу,іздену.                                               

Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқып береді.

Топпен жұмыс.Өлеңді бөлімдерге бөліп оқу

1-топ. Оқуға шақыру

2-топ. Еңбек іс-әрекеті.

3-топ. Даналық

Өлеңдегі түсті бояумен жазылған сөздерді теріп оқы

Даналық сөзін тағы қалай атауға болады?

                                            

 

 Оқушылар дәптеріне жазып алады. 

 

Әр топ өзіне берілген тапсырманы орындайды, топта мәнерлеп оқиды ойларын ортаға салады, дәлелдейді, бөлімді тауып, оқиды теріп оқиды, мағынасын ашады, дәлелдейді топпен жұмыс істейді

Сергіту сәті

   Оңға қараймын, аяқты топ-топ басамын.

   Солға қараймын, біраз сергіп аламын.

Ой сергітеді, шаршағандары басылады.

Қолдану

Ойлан-бөліс

   Оқу-білім туралы мақал- мәтелдер жаз.

Дәптерлеріне жазады, оқиды, мағынасын ашады.

Шығармашылық тапсырма

   «Бес жолды өлең» Оқу, білім туралы

Әр топ өзінің құрастырған өлеңін оқиды    ойланады, ізденеді                                

Ойлан-бөліс

 Сұрақтарға жауап алу.

   1. Ақын ойын түсіндің бе?

   2. А.Байтұрсынұлы балаларды неге шақырады?

   Оқу-білім азығы,

   Білім-ырыс-қазығы.

   Балаларды оқуға,білімге, еңбексүйгіштікке шақырады.

Топпен жұмыс істейді сұраққа жауап береді, түсіндіреді.

Қолдану

 

 

 

 

Сызбаға зер сал. Өлеңге сүйеніп өз сөзіңмен түсіндір. Даналық, оқу, білім сөздері неге құмырсқа түрінде көрсетілген?

Құмырсқа - еңбексүйгіш, ұйымшыл, өзінен екі есе ауыр жүкті көтереді.

Білімді болу үшін құмырсқа сияқты тынбай еңбектену, іздену, ұйымшыл болу керек.

Мәтінге ой қос.

Әр топ өз ойларын айтып, тақтада сызбамен түсіндіреді.

 

Үйге тапсырма

 Өлеңді мәнерлеп оқу. «Ел болашағы-білімді ұрпақ» эссе жазу

  Күнделіктеріне жазады

Бағалау

 Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

  Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

   Смайликтер арқылы

  Қалаған тобына іледі


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)