Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Жақсы адам болу өнері - нені ойламау керектігін білу.

Ілмектер: жақсы, адам, өнер, ой Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Қызғаныш — көп жағдайда өзге бір адамның ісі мен көзқарасына билік етуге деген құштарлық.

Ілмектер: қызғаныш, адам, көзқарас, құштарлық, билік Марсель Пруст

Адамның әдемі сымбаты мен мәдениеттілігі — бір-бірімен қарама-қайшы ұғымдарымен сәйкес келеді.

Ілмектер: адам, әдемі, сымбат, мәдениет Марсель Пруст

Махаббат — бұл жүректің қабылдауына мүмкін болған уақыт пен кеңістік.

Ілмектер: махаббат, жүрек, уақыт, кеңістік Марсель Пруст

Теориядан жердің айналатынын білеміз, ал бірақ көзбен көре алмаймыз. Уақыт та дәл солай.

Ілмектер: теория, жер, көз, уақыт Марсель Пруст

Зұлымдық Алладан ба, әлде Аллаһ пәк па? Ізгілік Алладан, Субхан Аллаһ.

Ілмектер: Алла, зұлымдық, ізгілік, Жақсылық, Жамандық, пәк Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Қандай да бір затты талап гүлдендіре түседі, ал сол зат қолда бар болса, ол туралы ой күңгірттене бастайды.

Ілмектер: талап, ой Марсель Пруст

Ақиқатты таба алмаймыз, сондықтан оны өзіміз жасауымыз керек.

Ілмектер: ақиқат Марсель Пруст

Адам бақытсыз бола түскен сайын, адамгершілігі жоғарылай бастайды.

Ілмектер: бақыт, адамгершілік, адам, бақытсыздық Марсель Пруст

Сіз өзіңізге көрінген бақытсыз күйді ешқашан кешпейсіз.

Ілмектер: бақыт, күй, бақытсыздық Марсель Пруст

Қараңғыда жарықты көре білу керек, ол сыртта жанбаса да, іште жанып тұр, бірақ адамдар бәрібір жоқ жарықты, сырттағы жарықты көргісі келеді. Сондықтан да данышпандардың бәрі «Нағыз бақыт адамның ішінен» дейді.

Ілмектер: Бақыт, қараңғы, жарық, жану, адам, данышпан Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Бүгінгінің парадокстары — бұл ертеңгінің ескішілдігі.

Ілмектер: парадокс, ертең, ескішілдік Марсель Пруст

Әлдекім туралы дұрыс тұжырым жасау оның жақсы қасиеттерінің қарама-қайшы тұстарын ойласа, жеңіл бола түседі.

Ілмектер: тұжырым, қасиет, жеңіл Марсель Пруст

Мен әдемімін, мықтымын, ақылдымын, мейірімдімін. Бұл жаңалықтың барлығын өзім аштым.

Ілмектер: жаңалық, әдемі, мықты, ақылды, мейірімді Станислав Ежи Лец

Өмірден өткеннен кейін өзіңді өзің де ұмытасың, басқалары туралы айтпай-ақ қояйық.

Ілмектер: өмір, ұмыту Станислав Ежи Лец

Тіпті өмір сүру қауіпті, одан өліп қалуың мүмкін.

Ілмектер: өмір, өмір сүру, қауіп, өлім Станислав Ежи Лец

Ешқандай сағаттың тілі қалай өмір сүру керек екенін көрсетпейді.

Ілмектер: сағат, өмір Станислав Ежи Лец

Жазушыларға кеңес: белгілі бір уақытта жазуды тоқтату керек, тіпті бастамасаң да.

Ілмектер: жазушы, жазу, тоқтау Станислав Ежи Лец

Тереңіне бойлай алмаған жазушы әрдайым бетінде қалқып жүреді.

Ілмектер: жазушы, терең Станислав Ежи Лец

Шығармашылық — суретшінің өз өзінен жасыратын жұмбағы.

Ілмектер: шығармашылық, суретші, жұмбақ Станислав Ежи Лец