http://a-brands.kz/

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (2) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (32) Ұлағатты сөздер (11)

Әйелдің жалаңаш денесі еркектің құмарлығын қоздырады. Ақылмен бөгеп, сабырмен тұсалмаған құмарлық таудан төңкерілген сең сияқты: жолындағының бәрін ұйпа-тұйпа етіп, жайпап жойып кетеді. Сондықтан әйелдің еркек құмарлығын қоздыратын ашық-шашық жерді көбейтпей жауып, жария етпей қымтап ұстауы абзал. Әсіресе етекті қара санға дейін көтермеу, кеудені жалаңаштамау жөн. Сонда еркек елеңдемейді, әйел алаңдамайды, адалдық бұзылмайды.

Ілмектер: әйел, адалдық, еркек, Құмарлық Әзілхан Нұршайықов

Шешен кісі сөз бастар,
Адал кісі – ел бастар.

Ілмектер: ел, сөз, адалдық, шешен Жамбыл Жабаев

Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ.

Ілмектер: әділдік, адалдық, адам Шоқан Уәлиханов

Адалдық: өзі алданса алданар, өзі ешкімді алдамас.

Ілмектер: адалдық, алдау Ғабит Мүсірепов

Адам біреуді сүйер болса, оны кәусар суындай таза, гауһар тас сәулесіндей мөлдір ләззатпен сүюге тиісті. Сөйтсе ғана ол өзінің де, жақсы көрген адамның да арман мүддесін адал сақтайды, кір жұққызбайды.

Ілмектер: махаббат, сүю, адалдық, арман Ілияс Есенберлин

Досқа адалдық - рухқа адалдықпен бірдей.

Ілмектер: дос, достық, адалдық Тоқсары

Берместің үйінде бесті қымыз тұрады.

Ілмектер: үй, қымыз, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Ар-ождан алдындағы адалдық – өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты.

Ілмектер: адалдық Әл – Фараби

Адал еңбек ердің досы,
Бақ іздеудің жолы осы.

Ілмектер: адалдық, еңбек, бақ Кенен Әзірбаев

Батырлық – тәуекел мен адалдық есебінен шығуға тиіс. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал, ақылсыз тәуекел ешкімді де ақтай алмайды.

Ілмектер: батырлық, тәуекел, адалдық, ақыл Бауыржан Момышұлы

Шыншылдық адалдықпен ағзалас.

Ілмектер: шыншылдық, адалдық, нақыл, афоризм Әл – Фараби


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)