Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Өлеңдер (49) Мақал-мәтелдер (77) Ұлағатты сөздер (49)

Кейде мен өлілерге қатты қызығамын. Өйткені олардың бос уақыттары өте көп.

Ілмектер: өлім, уақыт Роберт Де Ниро

Өлімге берер жаным бар – пендеге берер арым жоқ.

Ілмектер: өлім, ар, жан, пенде Асқар Сүлейменов

Кәрі өлсе — дауыл тынғаны, жас өлсе – бәйтерегіңнің сынғаны.

Ілмектер: кәрі, өлім, жас Шал Құлекеұлы

Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

Ілмектер: Өмір, халық, қызмет, өлім Әйтеке би

Ақыл, ажар ажалға не қылады?

Ілмектер: ақыл, ажар, әдемілік, ажал, өлім Шәңгерей Бөкеев

Өмір — күшті, өлім — одан да күшті.

Ілмектер: өмір, өлім Жүсіп Баласағұни

Өлімнен қорқуға болмайды. Еңбекке қабілеттіліктен айырылудан қорқу керек.

Ілмектер: өлім, қорқу, еңбек Бауыржан Момышұлы

Хан өздігінен өлім жазасын қолданбасын.
Өлім жазасын шешетін халықтың өзі болсын.

Ілмектер: хан, өлім Майқы би

Пайдасыз өмір сүру мезгілсіз өлгенмен тең.

Ілмектер: өмір, пайдасыз, өлім Иоганн Вольфганг фон Гёте

Өлімге де - мал керек, батырға да - жан керек.

Ілмектер: өлім, мал, батыр, жан Шортанбай Қанайұлы

Өлім келсе - өкінбей-ақ бара бер,
Зарлағанмен естімейді қара жер.

Ілмектер: өлім, жер, адам Жүсіп Баласағұни

Тумақ — сүннет, өлмек — парыз.

Ілмектер: өмір, адам, өлім Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Өлім — ғибрат.

Ілмектер: өлім Жүсіп Баласағұни

Диктаторлар өзінің аудармашысы мен жеке тіс дәрігерінен қорқуы тиіс. Себебі осы екеуінің қателігі оны өлімге апаруы мүмкін.

Ілмектер: диктатор, аудармашы, тіс дәрігері, өлім, қорқу Уинстон Черчилль

Ана алдында өлім де мойын ұсынады.

Ілмектер: ана, өлім Ғабит Мүсірепов

Өмір – өзен, өлім – құрдым.

Ілмектер: өмір, өлім Бернияз Күлеев

Мен өлсем де өлемін жөнімменен,
Тәннен басқа немді алар өлім менен?!
Өлген күні апарып тығары – гөр,
Мен жоқ болам көміліп тәнімменен.
Тән көмілер, көмілмес еткем ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса ұқпасын жабықпаймын,
Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін.

Ілмектер: өлім, жұрт, ел Ахмет Байтұрсынұлы

Өлгенді қадір етсек - қанға рауа.

Ілмектер: өлім, қан, нақыл, афоризм Шәңгерей Бөкеев

Өмір ол театр және де сол театрда әркім өз рөлін керемет сомдауда, және де сол театрдың соңы немен аяқталатыны бәрімізге аян ол өлім.

Ілмектер: өмір, театр, өлім Тұрсынбаев Ербол

Өлімді білмей тұрып, одан қорқу қисынсыз сияқты.

Ілмектер: өлім, нақыл, афоризм Сократ