Сәлмен бай Құлақайды Бекен дейтін шалдан бір атым насыбай сұрап келуге жібереді. Құлақай байдың әмірін орындап оралғанда:
— Әй, қу, сөзге келгенде алдыңа жан салмайсың, — деп ренжи ді бай, — ал іске келгенде түк білмейсің.
— Ау, не боп қалды, байеке?
— Бір нәрсеге жұмсаған соң, екіншісін өзің-ақ білмес пе едің. Темекі неге әкелмедің? — деп жекіреді ғой баяғы.
Бір күні бай қатты науқастанып қалып, Құлақайды молдаға жұмсаса, молдамен бірге тағы екі адамды ертіп келіпті. Олар есіктен бастарын сұғар-сұқпастан:
— Әй, мыналарың кім тағы? — деп тыжырынады бай.
— Байеке, анада өзіңіз айтпап па едіңіз, бір нәрсеге жұмсағанда екі бірдей іс бітіріп қайту керек деп. Сол өсиетіңізді бұл жолы бұлжытпай орындадым. «Сақтықта қорлық жоқ» деген ғой, қапелімде о дүниеге жүріп кетсеңіз, қабір қазушыға қайта барып жүрмейін дедім, — депті Құлақай.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі