Барселона тарихындағы алғашқы қазақ: Кәрім Меңдіханов әлемдік футболға қадам басты - Нартаева Алина

Барселона тарихындағы алғашқы қазақ: Кәрім Меңдіханов әлемдік футболға қадам басты

Футбол әлемінде жаңа қазақстандық талант пайда болды. 15 жастағы Кәрім Меңдіханов әйгілі испаниялық «Барселона» клубымен келісімшартқа қол қойды. Бұл жаңалық Қазақстан футболы үшін тарихи сәт ретінде бағалануда.

2011 жылы дүниеге келген жас ойыншы 2022 жылы Испанияға қоныс аударған. Содан бері ол Каталония футбол жүйесінде дайындалып, шеберлігін жетілдіріп келеді.

Өткен маусымда Кәрім «Серданьола» клубында өнер көрсетіп, өңірлік лигада көзге түсті. Кейін «Сан-Кугат» командасына ауысып, негізгі ойыншылардың біріне айналды. Оның тұрақты ойыны ірі клуб скауттарының назарын аудартты.

Айта кетейік, ол «Барселона» жүйесіне қабылданған алғашқы қазақстандық жас футболшы атанып отыр.

Мансабын Қазақстандағы «Astana Junior» клубында бастаған. 2021 жылы «Арыстан Кубогында» үздік шабуылшы атанған. 2022 жылы Испанияға көшіп, жасөспірімдер деңгейінде өзін дәлелдеді.

Енді ол келесі маусымнан бастап ресми түрде «Барселона» жүйесіне қосылады.


WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз