Бір кедейдің үйемелі-сүйемелі екі баласы бар екен. Үлкен ұлы жұрттан шыққан жылпос қулықшы болса, кіші ұлы жұрттан іздеп таба алмайтын аңқау екен. Мал дегеннен қара күшін нан қылып отырған қара өгізі мен сүтін ішіп, төлін етқылып отырған буаз қызыл сиыры болыпты. Күндердің бір күнінде кедейліктің салдарынан үйінде ішетін асы да бітіп, аштыққа кіріпті. Аштық деген жайсыз жағдай ғой, сондықтанда бір үйлі жанның құтын алып, қабақтарын түсіріп, түнертіп қойыпты.
Не іске болса да шыдамы аз аңқау отырып:
— Қызыл сиыр да қасарып бұзауламады-ау, — депті. Ал қулықшы ағасы аштығын білдіртпей ата-анасының түнерген көңілдерін аулап, аңқау інісін мылжыңдата алмай ызаланып отыр екен. Дереу інісінің жаңағы сөзін естіген соң:
— Қызыл сиыр бұзаулауға жақын ғой, көріп келейінші, — деп қораға шығып кетіпті. Қорада аз бөгеліпті де, үйге асыға кіріп:
— Ойбай, қара өгіз бұзаулап қалыпты, — депті.
Аңқай орнынан атып тұрып:
— Рас па? — деп қораға жүгіре шығыпты. Әлден уақытта үйіне кіріп:
— Қиды бұзаудан айыра алмайсың ба? Артына үйіп қойған қиын бұзау дейсің, — деп сөгіпті.
Ата-анасы екі баласының күлдіргі істеріне, аштықтарын ұмытып, қарқылдап күлісіпті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі