Бальбин

Басты бет / Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер / Тарих / Бальбин

Бальбин — Тарих бөліміндегі материал.

Материал — Каппадокиа, Император, Рим, Рим императорлары — осы тақырыптарға байланысты.

Децим Целий Кальвин Бальбин шамамен б.з 165 жылдары дүниеге келген. Ақсүйек отбасынан шыққан. Бальбин - б.з 184 жылы Каппадокиада билік еткен Целий Кальвиннің баласы. Ол көне Бальб тегінен шыққан.

Император оны сенатор етіп тағайындағанға дейін б.з 203-213 жылдары екі рет консулдық қызмет атқарып, жеті провинцияда губернаторлық қызметтер атқарды.

Бальбин Рим императоры болып тағайындалған кезде, жасы 60-тар шамасында болған.

Әскери күштерді басқару жағынан мол тәжірибесі болғандығына қармастан Бальбин азаматтық салада жемісті еңбек етті. Өзінің парасаттылығының, қайырымдылығы және мінсіз тазалығының арқасында ол айналасындағылардың сүйспеншілігіне ие бола білді.

Ол империяны Максим Пупиенмен бірге басқарды. Бальбин азаматтық басқаруды, ал Пупиен әскерді басқаруды қолына алды. Дегенмен сенаттық басқаруға көңілдері толмаған преториандықтар көтеріліп, екі императорды да өлтірді.

Олардың билігі үш айға ғана созылды. Ол өте шешен, көрнекті ақын және империяның ішкі аймақтарында азаматтық юрисдикцияны әділ жүргізе алған білгір сот болған.

Бальбиннің және оның әйелінің саркофагы мәрмәрдан жасалған. Маркофагтың қалдықтары Виа Аппияға жақын жерден табылып, қайта қалпына келтірілді.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (2)

Бальбин

Ежелгі рим гректердің еңбектеріне әуестенемін, мүсін жасауларына

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Бальбин деген не?

Бұл бетте Бальбин тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Тарих бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Бальбин материалы Тарих бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Тарих бөліміндегі басқа материалдар Каппадокиа тақырыбындағы материалдар Император тақырыбындағы материалдар Рим тақырыбындағы материалдар Рим императорлары тақырыбындағы материалдар Бальбин тақырыбындағы материалдар Бальбин Рим императоры тақырыбындағы материалдар