Бальбин — Тарих бөліміндегі материал.
Материал — Каппадокиа, Император, Рим, Рим императорлары — осы тақырыптарға байланысты.

Децим Целий Кальвин Бальбин шамамен б.з 165 жылдары дүниеге келген. Ақсүйек отбасынан шыққан. Бальбин - б.з 184 жылы Каппадокиада билік еткен Целий Кальвиннің баласы. Ол көне Бальб тегінен шыққан.
Император оны сенатор етіп тағайындағанға дейін б.з 203-213 жылдары екі рет консулдық қызмет атқарып, жеті провинцияда губернаторлық қызметтер атқарды.

Бальбин Рим императоры болып тағайындалған кезде, жасы 60-тар шамасында болған.
Әскери күштерді басқару жағынан мол тәжірибесі болғандығына қармастан Бальбин азаматтық салада жемісті еңбек етті. Өзінің парасаттылығының, қайырымдылығы және мінсіз тазалығының арқасында ол айналасындағылардың сүйспеншілігіне ие бола білді.
Ол империяны Максим Пупиенмен бірге басқарды. Бальбин азаматтық басқаруды, ал Пупиен әскерді басқаруды қолына алды. Дегенмен сенаттық басқаруға көңілдері толмаған преториандықтар көтеріліп, екі императорды да өлтірді.
Олардың билігі үш айға ғана созылды. Ол өте шешен, көрнекті ақын және империяның ішкі аймақтарында азаматтық юрисдикцияны әділ жүргізе алған білгір сот болған.
Бальбиннің және оның әйелінің саркофагы мәрмәрдан жасалған. Маркофагтың қалдықтары Виа Аппияға жақын жерден табылып, қайта қалпына келтірілді.
Бұл бетте Бальбин тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Тарих бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Бальбин материалы Тарих бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
Бальбин
Ежелгі рим гректердің еңбектеріне әуестенемін, мүсін жасауларына