Көршілес отырған күшік елінің қауғасақал бір шалы мен бір жастау жігіті көшіп-қонуға ыңғайланған елдің асығып, бірбеткей қимылдап, малды иесіз қалдыратынын еске алып, оңай олжа түсіріп қалуды ойлап атқа мінеді. Тұғырға шығып, ауыл маңындағы бір сайда қойлардың күзетсіз еркін жайылып жүргенін көреді. Аттарын дөң астына тұсап қалдырып, жасырынып келіп нән бір қойды ұстап, төрт аяғын байлап, қарағанның ішіне апарып тастайды. Тағы бір қойды алмақ болып қайта келеді. Жартастың түбінде бұғынып, ұрылардың әрбір қимылын аңдып көріп отырған бір жас бала алдарынан тосын кездесіп:
— Ассалаумағалейкүм, аталар, — деп сәлем береді.
Ұрылар абыржып, тұрып қалады. Жастау жігіт:
— Біз бөтен адамдар емеспіз, қарағым! Көршілес ауылдың адамдарымыз, өздеріңнің ағайындас — күшікпіз. Жоқ іздеп жүрміз, — дейді балаға сыр бермеуге тырысып.
— Сіздің күшік екеніңізді жымиған бет-аузыңызға қарап-ақ түсініп тұрмын, ағай! Мына қасыңыздағы төбетіңіз қайда барады? — депті бала. Сүйектерінен өткен ащы сөзге шыдай алмай, екі ұры балаға қарай тұра ұмтылған екен.
— Аттан, аттан! Күшік аулының күшігі мен төбеті бірлесіп, мені талағалы жатыр. Аттан! — деп бала айғайлап, қолдарына түспей қаша жөнеледі.
Баланың даусына естіген ауыл адамдары атқа қонып, екі ұрыны ұстап алып, дүре соғып, ауылдарына жаяу қайтарыпты.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі