Жамал-ай! - Қазақ ауыз әдебиеті

Ертеде бір байдың қызына есігінде жүрген қойшының баласы ғашық болыпты. Жастайынан бірге өскен жарлының баласын байдың қызы да ұнатады екен. Ер жетіп, бой жете келе екі жастың бір-біріне деген сезімі тіптен арта түседі.

Бұл жағдай бір күні байға белгілі болып, бай тас-талқаны шыға ашуланады да, кедейді басқа жаққа көшіріп жібереді. Енді қайтып ауылының маңынан жүрсе, жазаламақшы болады.

Сонда жүрек сезімін жасыра алмаған қойшының баласы:

Қасың сұлу қағаздың сиясындай,
Мойның ұзын тоғайдың миясындай.
Қайтсем саған қолымды жеткіземін,
Жатқан жерің сұңқардың ұясындай.
Жамал-ай, Жамал-ай,
Болар ма екен амал-ай!

деп өлең етіп әнге салып, күй етіп сыбызғыға салған екен.

 


WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз