Ертеде бір сұлу қыз бен күйші жігіт бір-біріне ғашық болыпты. Күндердің күнінде жігіт алыс сапарға аттанады. Аман-есен оралып, қыздың ауылына келсе, ол осыдан сәл бұрын қайтыс болған екен. Ел-жұрты сүйегін ауыл шетіндегі көлдің қасындағы төбенің басына жерлейді. Жігіт сол жерге барып, домбырасымен қалыңдығын жоқтап, күні бойы зарлана күй тартады. Көлдің ортасында кішкене арал бар көрінеді. Сол аралды аққулар мекендейді екен. Көл маңындағылар аққу жұмыртқалаған кезде үнемі салға мініп барып жұмыртқасын алып кетіп отырыпты. Жігіт сүйгенін жоқтап мұңайып отырса, балапандарынан айырылып сұңқылдап, тынымсыз ұшып жүрген жалғыз аққуды көреді.
— Бұл дүниеде ұшқан құс, жүгірген аңның бәрі де мұңды, бәрі де зарлы екен ғой, — деп әлгі күйші жігіт аққудың зарын күйге қосып тартқан екен...
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі