Өлең, жыр, ақындар

Бегім бер (ІІ нұсқа)

Баяғыда бір жесір кемпір болыпты. Не малы, не жаны жоқ кемпір қартайған қара басын сақтау үшін бегі /алмұрттың бір түрі/ теріп күн көрсе керек. Күзге қарай әбден толысып піскен бегіні көптеп теріп, баптап кептіріп, келер жылғы терімге дейін талғажау етеді екен.

Сол әдетпен сүрлеп, кептіріп қойған кемпірдің екі қап бегін бірде ұрылар алып қашыпты. Күнелтіп отырған жалғыз ғана тағамын көз алдында алып кетіп бара жатқанын көрген кемпір: «Ойбай, бегім бер, бегім бер!» деп дауыстайды. Сайланып келген ұрылар қартайған кемпірге жеткізе ме, әне-міне дегенше көзден таса болады. Жесір кемпір қатты налып, осындай күйге түсірген Тәңіріне мұңын шағып, зарлапты.

Кемпірдің зарын естіген бір күйші тебірене толқып сыбызғыға салған екен дейді.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз