Бәйдібек ауылда жоқта қырғыз Аққошқар бастаған жаулар оның жылқысын алып кетеді. Масаттанған жаулар Домалақ ананың қонысынан сусын ішкен соң, қайыр-садақа ретінде шапқан малдан бір жылқы қалауын өтінеді.
Сонда Нұрила белбеуін ақжал сары айғырдың мойнына салыпты дейді. Жануар шешеміздің белбеуін салғанда тырп етпей тұрып қалыпты да, жетекке жүріпті. Біраз уақыт өткен соң Бәйдібектің Сарыбәйбішеден туған алты ұлы салып ұрып жетті дейді. Олар Домалақ ананы көріп:
— Әй, тоқал, біздің жылқыны қуған жау қалай қарай кетті? — деседі ат үстінен.
— Шырақтарым, аттан түсіңдер. Жылқының түп қазығы бізде, өзі-ақ келеді. Соңынан қуып әуре болмай-ақ қойыңдар. Құр бекер мерт боласыңдар, — дейді Нұрила. Жігіттер:
— Ой, осының өзі дұшпан, айтып тұрған сөзін қарашы, — деп алты ұл алды-артына қарамай аттаныпты. Әудем уақыттан соң Бәйдібектің өзі келіпті салып ұрып:
— Жау қайда кетті? Домалақ ана:
— Байеке, жауды қуып әуре болмаңыз. Малыңыз бүгін таңнан қалмай өзі келеді. Алты ұлың менің тілімді алмай кетті. Бекерге мерт болатын болды. Анамыз айтқандай, таң ата бере жер сілкінгендей дүрсіл естіледі. Байлаулы тұрған ақ жал сары айғыр кісінеп жібереді. Қараса барлық жылқы түп-түгел қайтқан екен. Малдың қазығы ақ жал сары айғыр тұрған жерге жылқы баласы қайтып оралған. Ал Сарыбәйбішенің алты ұлы жер жастанған.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі