...Бір бай болыпты. Ол кедейленеді. Күндердің күнінде өледі. Артында азын-аулақ мүлкі, бір ұлы және бір түйесі қалыпты. Сол түйе боталайды. Әлгі ұл ботаны сатамын деп жетелеп жүреді. Сөйтіп жүргенде бір байдың қызы есігінің алдына шығып:
— Әй, жігітім, андағы ботаңды сатасың ба? — дейді.
— Сатам, — дейді жігіт.
Сөйтіп, қыз ботаны сатып алып, жеті жасқа келгенше асырап бағады. Тіл үйретеді, адамның тілін білдіреді. Қыз білгіш екен. Түйенің өсе келе қасиетті болатынын алдын ала байқайды. Түйе өте зор, алып атан болған екен. Оны ел «түйенің пілі», ал қыз «Ерке атан» деп кетеді.
Енді қызға біреу дарияның ар жағынан келіп құда түседі. Қызды ұзатар күн келеді. Отыз күй ойын, қырық күн тойын жасайтын болады. Бай қызға қалау салады:
— Қызым, нарға не арттырайын? — дейді.
Қыз айтады:
— Не арттырушы едіңіз, өзіңіз біліңіз, байсыз ғой. Артқы еліңіз күйінгендей, алдыңғы еліңіз сүйінгендей арттырыңыз,— дейді. Сонда бай жеті атанға жүк арттырады. Қыз өзі асыраған әлгі Ерке атанға келіп:
— Сен «қалып барамын» деме. Мен дарияның ар жағына өтті-ау дегенде маған қарай қаш. Қаш та қуып жет. Мен өтіп болғанша сен де жетесің. Сенің соңыңнан қуады. Қуғанда да қара жорғамен қуады. Ол жеткенше сен судан өт, — дейді. Сонымен қызды ұзатады. Жеті атанға «алдыңғы елім сүйінсін, артқы елім күйінсін» деп жасау-жабдық артады.
Олар ұзап кеткенде, әлгі Ерке атан қашады. Соңынан қара жорғамен қуады.
Ерке атан судан өтіп кетеді. Қара жорға барып суға тіреледі де қалады.
Ерке атан аман-есен судың арғы бетіне өткен соң, қыз жүктің бәрін бір Ерке атанға арттырып, жеті атанды қайыра судан өткізіп, соңындағы еліне айдатып жібереді. Сондағы жеті атанның жүгін жалғыз өзі көтеріп, Ерке атанның жолдың жиегіндегі жантақты шалып жеп, желіп бара жатқаны дейді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі