Баяғы өткен заманда бір асқан байдың бар жылқысын жау барымталап алып кетіпті. Бай не істерін білмей қайғырып жүргенде, бір әйел жолығыпты:
— Бай-еке, жылқыларыңның жартысын берсең, мен малыңды түгел қайтарып әкелем, — деген екен. Бай бұл талапты қабыл алыпты.
Ал әйелдің сондағы күйеуі жалғыз көзді әулие екен. Соның жалғыз қара айғыры болыпты. Күйеуін сол қара айғырына мінгізіп, алдына үлкен қарағайды бүрімен өңгертіп, арқанмен таңып, жаудың кеткен ізімен жетелей жөнеліпті.
Жылқыларды айдап бара жатқан жаудың шеті көрінгенде, әйел қара айғырдың жүгенін сыпырып қоя берген екен. Жылқыларды көрген қара айғыр жауға қарай кісіней азынап шаба жөнеледі.
Қара айғырдың шабысы арқасын қоздырған, делебесін оятқан жалғыз көзді әулие қаһарланып жауға жете бергенде, «Тоқта! Тоқта деймін!» деп айғай салыпты.
Азынап шапқан қара айғырды, үстіндегі алпамсадай жалғыз көзді әулиені, алдына өңгеріп алған дәу қарағайды көрген жау «бір сұмдық келе жатыр екен» деп, айдаған жылқыларын тастай салып, жан-жаққа қашып кетіпті.
Жалғыз көзді әулие болса, жауды жеңіп, аман-есен аулына қарай қуана шауыпты.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі