Бай баласы мен кедей баласы серіктесіп бек теруге шығады. Ішер ас пен мінер көлікке қысылып көрмеген бай баласы ер-тұрманы келіскен атқа мініп шығады да, аяқ артары жоқ кедей баласы жаяу шығады.
Бірақ бай баласы артынан еріп жаяу салпақтап, болдырып келе жатқан кедей баласына байлығы мен салтанатын көрсеткендей ат үстінде шалқалай отырып, оны мінгестіріп те алмайды. Туғаннан тақыршылық азабын көріп өскен кедей баласы аттылы бай баласынан қалыспай жүріп отырып бек теретін жерге де жетеді.
Туғаннан шөп басын сындырып көрмеген бай баласы маңдытып бек тере алмайды, кедей баласы одан әлдеқайда артық бек теріп алады. Даяр тұрған бекті теріп алудан ерінген бай баласы кедей баласының дорбасындағы бекке көзін сүзіп қарайды, соны олжалаудың амалын қарастырады. Бек теріп болғаннан кейін екі бала келген ізімен қайтады. Залым бай баласы кедей баласының бегін алудың жолын ойлап, дорбадағы бегін көтеріп жаяу келе жатқан кедей баласының бірде соңынан еріп, бірде қатарласып аяңдайды да отырады. Жол ортасынан асқан кезде жаяу баламен қатарласып келе жатқан бай баласының бегін іліп алады да, атын тебініп қап, шаба жөнеледі. Біршама жер жүріп шаршаған кедей баласы оның артынан «Ойбай, бегім бер», — деп айқайлай қуады. Аттылы жаяуға қайдан жеткізсін. Бай баласы бекті сол күйі алып қашып кетеді. Кедей баласының: «Ойбай, бегім бер», — деп айғайлағанын естіген күйші бала зарын бейнелеп, осы күйді шерткен екен дейді.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі