Бұрын бір жетім қыз болыпты. Бір күні таңғы алаң-елеңде біреудің тепкілеуімен қыз шырт ұйқыдан шошып ояныпты. Орнынан ұшып тұрып қараса, өгей шешесі екен. Қорқып, дірілдеп тұрған бишара қызға өшіге қараған өгей шешесі:
— Жатамысың, мынаған толтырып бүлдірген теріп кел! — деп аяғымен қауға шелекті қызға қарай теуіп жіберіпті. Қыз шелекті алып тауға кетіпті.
Қыздың әкесі көшетін болған соң, бір күн бұрын жоғалып кеткен екі сиырын іздеп кетіп, сол сиырларын тауып, ертемен үйіне келсе, әйелінің үйін жығып көліктерге артып-тартып жатқанының үстінен түседі. Келе сала көш қамымен болып көшті жүргізеді. Балалары көп болғандықтан әлгі қызын да жоқтамайды.
Олар жаңа қонысқа қонып су әкелуге қамданғанда, шелектің біреуі жоқ болып шығады. Сонан өгей шешенің қылығын білетін қыз әкесі зар илеп жұртқа шабады.
Ал қызы әлгі шелекті түс ауғанда әрең толтырып, аш қарын сүйретіліп үйіне келсе, күлі шашылып жұрты жатыпты. Қыз мұны көріп өгей шешенің қылығын ойлап, өз шешесін сағынып еңіреп жылап отырғанда, астындағы атын қара тер қып әкесі жетіп, аттан домалай түсіп қызын құшақтап, екеуі бірдей егіліп жылайды.
Бір қауымнан кейін әкесі: «Жүр, балам, кетейік» дегенде, жетім қыз жылап тұрып:
— Бармайыншы, әкем-ай, күн көрсетпейді шешем-ай! — де- ген екен.
Бұны естіген елдің қызға жаны ашыпты.. Бір домбырашы осыдан «Мұңлы қыз» деген күй шығарыпты.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі