Ертеде өз заманында даңқы асқан керейдің бір байы қайтыс болады да, байдың асына ат аяғы жетер жердегі аяқ артар жалғыз аты бар кедей-кепсектен бастап, ұлы кәрінің бәрі жиылады. Асқа өзен бойын жағалата өңшең ақбоз үй тігіліп, қатар- қатар жер ошақ қазылады, қоралы қой, үйірлі жылқы сойылып, қымыз сел боп ағады. Аста бүткіл керейге байлығын танытуға талпынған байдың балалары дәулеттерін аямайды. Бірінші болып келген аттың бәйгесіне ат басындай алтынға қоса, тоғыз ақбас атан жетектетіп, атанға бір қыз мінгізіп беретіндіктері туралы бір жыл бұрын сарын айтады. Осы сарын бойынша бірінші атқа жоғарыдағы сыйлықтарын береді. Ат бәйгесіне тігілген жетім қыздың зарына байланысты «Мұңлы қыз» күйі осылай шығыпты деседі.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі