Бұрын Марқакөл жағасын мекен еткен, дәулеті асқан бір бай болыпты. Ол қайда жүйрік бар десе, кейде алдап, кейде зорлап алмай қоймайтын озбыр да екен. Күндердің бірінде бай «Салдаман деген кедейде бір ат бар, ол атқа бұл жалғанда ат жете алмайды» деген ел дақпыртын естіп, қалай да осы атты қолына түсіруге аңсары ауыпты. Бай Салдаманды атымен шақыртып жұқалаған екен. Салдаман да қу іші сезгендей «кедейлік бағыма біткен әдеттегі жәй ат» депті. Бай Салдаманға:
— Айналасы алты күндік көлді ет пісірім уақытта айналып кел. Егер ет пісірім уақытта келе алмасаң, атыңа алтын ер салып өзім мінем, келе алсаң, саған бір тоғызға жығынды боламын, — деп уәде беріпті. Салдаман атқа сеніп жолға шығыпты. Бай шіне келе қуанып ордаға кіріп, есе сөйлеп, «қанат бітсе де, ет пысқанша аттың жете алмайтындығына» көзі жетіп, еттің көбігін алуға бұйрық бергенше даладан аттың қарасы көрінген хабар келеді. Бұл хабардан шошынған бай далаға шықса, ат тұяқтары жер ойып, ұшқан құстай екпіндеп келе жатыпты. Сонда, өзегіне өрт түскен бай отыра кетеді. Бірақ айтқанынан қайта алмай, амалсыз бір тоғызын беріпті. «Балжыңгер» деген күй осыдан қалған екен.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі