Ертеде бір ауылдан өзінің сүйген қызын алып қашып келе жатқан жігіт, жол-жөнекей бір үйге сусындауға түседі. Олар түскен үйдің есігі ғашықтардың беталысына қарап тігілген болса керек. Жігіт есіктен сонау көз ұшында бұлдырап көрініп тұр ған өз елі мен жерін көріп, арттағы қуғыншылардан құтылып, аман-сау сол бұлдыр тауға жетсем деген арманмен, жүкте сүйеулі тұрған домбыраны алып: «Бұлдыр, бұлдыр, бұлдыр тау, саған қашан жетем-ау, шу-шу жаным» деп күй шерткен екен. Мұны түсінген қыз да көзіне жас алыпты. Екі ғашықтың бірдей
күйзелісін көрген үй иелері «бұ не күй?» — деп сұрағанда жігіт: «Бұлдыр тау» деген күй», — дейді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі