Қазақтың бақташылық өмірінен туған ғажап ертегілердің бірі — «Бозінген» сюжеті. «Мұндағы Бағланбай малының құты болған Бозінгенді тумады деп, бір шал мен кемпірге бақтырады. Бозінген басы алтын, құйрығы күміс бота туғанда, кемпір мен шал інгенді бір керуеншілерге сатып жіберіп, ботасын алып қалады. Қысқа ғана ертегінің көп жері ботасын жоқтап жылаған Бозінгеннің зарлы даусына құрылған. Бағланбайдың екі баласы Бозінгеннің даусын танып, оны ботасына қосады.
Бозінгеннің жоқтауы:
Жаралғаннан жасымнан,
Күйіп, жанып сабылдым.
Тартып беру бала үшін,
үстіме кілем жамылдым.
Көрер күнім бар ма екен,
Мен ботамды сағындым.
Бұдан әрі өзі жат қолына түскен Бозінген ұшқан құстардан, түнде жортқан жапалақтан ботасының дерегін сұрайды. Иесі түйені құтқарып, ботасына алып келе жатқанда да Бозінген оны көруге асығып, адамша мұңданып, көз жасын төгеді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі