Самұрық дейтін құс болған екен. Ол үнемі мұхиттың ортасындағы бір үлкен бәйтерекке балапандап, балапандарына жем тасығанда, бір ретте бірер айлық жемін әкеліп тастап кетеді екен. Самұрық тұяғына бес киіктен, он тұяғына он киік іліп әкеледі екен. Ол бір жолы жем әкеле жатып, теңізден өтерде қанаты талып, бірде төмендеп, бірде көтеріле беріпті. Жемді тастайын десе қимай, тастамайын десе дәрмені кетіп шырылдайды
екен. «Шыңырау» күйі сол самұрықтың зары екен дейді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі