Өлең, жыр, ақындар

Сары бура

Қазақтың дәстүрлі наным-сенімінде, алапаты артық туған адамның желеп-жебеп жүретін киесі көмекке келіп, дұшпанның десін басып, көзге көрінеді екен дейді. Мәселен, қиын-қыстау сәттерде Қаз дауысты Қазыбек биді аузынан от шашқан аю жебеп жүреді екен. Тарақты Байғозы батырдың киесі ақиық бүркіт болса керек. Жарылқап батыр Алтайдың қызыл түлкісіне сенеді екен. Әйгілі Кемпірбай ақын өз бойының киесін көк үйрекке балайтын болған.

Міне, осы сияқты қиын-қыстау кезінде желеп-жебеп жүретін кие хан Абылайда да болыпты. Ат үстінде өмірі өткен хан Абылай қиын сапарға, қанды жорыққа аттанарда, жолы болып, ойына алғаны сәтімен орындалар болса, сары бура жолға маңдайын беріп жатады екен. Егер жорық сәтсіз болатын болса, сары бура Абылайдың бұл сапарын теріс көргендей болып, сырт беріп жатады екен. Абылай ханның киесі болған сары
бура алдымен Бұқар жыраудың түсіне енген екен. Бұқар жырау сары бураның жатысына қарап, болжау айтатын болған. Қиын-қыстау кезде желеп-жебеп жүретін сары бураға арнап Абылай хан күй шығарыпты дейді.

 


Пікірлер (2)

Ғани

Ойланатын нәрсе

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз