Арқасында домбырасы бар Боғда Жем өзені тасып жатқан кезде, бергі беттегі ауылға өтейін деп, өткелге атын салады. Өзеннің ортасына жеткенде дарияның асау ағысы Боғданы атымен бірге ағызып әкетеді. Бір жарға соғылған аты суға кетеді де, өзі өлдім-талдым дегенде домбырасын арқалап, жиекке шығады. Боғда демін алып, киімін кептіріп отырып: «Япыр-май, мынау табиғаттың күші керемет құдірет екен-ау. Бұл менің атымды ағызып алып кетті, өзім өлім аузынан қалдым. Өмірдің өзі де осы қатты ағыс сияқты емес пе?» — деп, Жем өзенінің тасқынын, оның дүлей күшін, күймен бейнелепті. Сол Жем суы былай ағады екен.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі