Бір кедейдің маңдайына бітіп, таңдайына талшық етіп отырған мал дегенде жалғыз «Бозінгені» бар екен. Жазғытұрым сол Бозінген боталайды. Бір айдан кейін Шу өзені тасыған кезде бота жардан құлап мерт болады. Ботасын іздеген Бозінген күндіз-түні боздап күңіренгенде, зарлы даусы бүкіл ауылды басына көтереді. Жануардың боздаған даусына қапа болып, көңілі босаған Сарша: «Жар басындағы жантақты жанынан кешкен нар жейді» дегендей, жануар, әбден қиналдың-ау!» — деп қолына домбырасын алып, «Бозінген» деген күйін шығарыпты.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі