Ханды шабардың алдында Алдар би Сырымға: «Саржала биге барып кет!» — депті. Саржала бимен Сырым әуелден араз екен, Саржаланың көлінің қасына Сырым әкесінің моласын салады. Мола биік және үлкен болады. Бара-бара кісілер «Саржала көлі» демей, «Дат моласы» деп атап кетіпті. Оған Саржала ашуланып, қызметшілерін әкеліп бұздырып тастапты. Алдар Сырымға: «Сіздердің араңыздағы шатақты білемін. Бірақта Саржала ханға қарсы соғысуға адам берер», — депті. Сырым Саржалаға барып жағдайын айтыпты. Сондағы Саржаланың жауабы: «Тайың құнан шықсын, құнаның дөнен шықсын!» — депті. Сырым түсіне кетіпті. «Екі жылдан соң кел» дегені екен дейді. Екі жыл өткесін келсе, құрал-сайман, кісі беріпті дейді
07.11.2024 10:34
05.11.2024 19:53
03.11.2024 14:51
16.09.2024 12:34
12.09.2024 14:40
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
Дәмір
Рахмет