Өлең, жыр, ақындар

Алданған қарақшы

Ораза кезінде Қожанасыр бір ауылдан қайыр-садақа жинапты. Халықтың ниеті түзу екен, ораза біткенде, Қожа үйіне әмияны толы ақшамен қайтады. Бірақ жол үстінде салт атты қарақшы тоқтатады.

— Ей, Қожа! Сен көп ақша жинап алдың. Менімен бөліс саған тым көп, — дейді айқайлап.

Қожанасыр жібер деп ары жалынады, бері жалынады, қарақшы кәззап көнер емес. Тіпті ошарылып атынан түседі. Сол уақта Қожанасыр бір тасты алып, орамалына тез орай қояды да:

— Басқа түссе, қайтеміз, басқа амалым жоқ, міне, ақша. Ақшадан да айырылғым келмейді, саған да ұстатқым келмейді. Мен ақшаны ана шөптің үстіне лақтырып тастаймын. Сен сол жерден ал, мен сенің алғаныңды көрмей аулаққа кетейін, —  дейді.

— Қарақшы бұған келіседі. Қожанасыр оралған тасты алысқа лақтырып тастайды. Араны ашылған қарақшы Қожаға да қарамастан тұра жүгіреді. Қарақшыны өстіп бір қатырған Қожа лып етіп атқа мініп, аулына қарай жандалбас шапқан екен», — дейді.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз