Байдың жылқысын шауып алған бай кері атты шідерлеп бөлек бақтырады. Жылқы соңынан қуа келген жылқышылар жылқыны тартып алғаннан кейін кер аттың жоқ екенін біледі. Сөйтіп, екі жігітті байдың ауылын торып, кер атты алып келуге жібереді. Екі жігіт ел ішінің адамы боп ел қыдыра жүріп, байдың ауылының малын байқастап кері аттың шідерлеулі тұрғанын көреді де, ымырт жабыла атқа келеді. Кер атты жүгендеп, енді шідерін ағыта бергенде байдың қуғыншылары шу көтеріп, бұларға қарай құйғытып келе жатады. Шідерді ағытуға шамалары келмей сасқалақтаған екі жігіт шідердің бір тиегін ағытады да, өрелі керге мінгесе қашады. Өрелі кер өресімен шапқанда қуғыншыларға жеткізбейді. «Өрелі кер» күйі осыған байланысты шығарылыпты деген аңыз бар.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі