Жазғы жасыл жайлаудың көз құртын тартар сәнінің бірі — көл жағалай, өзенді бойлай жүретін, жайлау төсін думанға бөлеген қаз болса керек. Ақ қанат балапандарын артынан ертіп, өзіне тән үнімен өмір әнін шырқаған бір топ қазға ат мініп, ел қыдырудан басқа шаруасы жоқ мергенсымақ жігіттің көзі түседі. Ол бейғам жүрген қаздың шырқын бұзып, шырапатын шығаруды ермек санайды, ерлік көреді. Қазды атып олжалауды армандаған жігіт, бір күні мылтығын алады да, көл жағалай бірі ұшып, бірі қонып өз қызығына масаттанып жүрген қаздарға бет түзейді. Қамыс жиегін паналай келген мергенсымақ қазға оғым дариды-ау деген межелі жерге тоқтайды да, бір топ балапанын артынан ерткен ене қазды қарауылға алады. Балапандарының тәй-тәй жүрісін қызықтап тұрған қаздың тұрысы жігіт дегбірін қоздырады. Мылтық даусы тарс ете түседі де, ойында қуаныштан басқа ештеме жоқ ене қаз қанатын қағып-қағып жіберіп, ұшарға дәрмені жоқ екенін білгеннен кейін көлге түсіп жүзе жөнеледі. Жаңа ғана қанатын қомдап жүрген балапандар шулай ұшып аралға өтіп кетеді. Ене қаз да аралға ілінеді. Қазды қанжығасына байламаса да, оғы тигеніне масаттанған жігіт атына мініп, ауылға тартады. Балапандарын ертіп аралды мекендеген, ұшарға дәрмені жоқ ақсақ қаз уайыммен солады. Күн артына күн келіп, күз болады. Құс қайтады. Барлық құс сәнді сап құрып, ән маржанын төгілтіп, оңтүстікке бет алғанда, бейшара болған ақсақ қаз ғана мұң мен зарын төгіп үйірінен айырылып аралда қала береді. Күйші ақсақ қаздың осы мұңын күйге қосқан екен дейді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі