Жұрт әртүрлі ауруға, аштыққа жиі-жиі ұшырап отырған өткен заманда қаһарлы қыстың қақаған аязды күндерінің бірінде жұттан мал қырылып, ел қатты күйзеледі. Сол заманда өмір сүрген бір қарияның жеті ұлы болыпты. Көп қайғысының бір шеті қарияның шаңырағына да жетеді. Балалары бірінен соң бірі дүние салады, қайғы басқан қария кепкен қу ағашты ойып, аспап жасайды. Әр баласы қайтыс болған сайын аспаптың бетіне жылқы қылынан бір ішек тағып, сазды мұңға толы жоқтау әнін салады. Осы жеті түрлі әуенді шығарып, әр баласының мінез-құлқын, жүріс-тұрысын суреттегендей болады. Үлкен ұлы Қани қайтыс болғанда шал «Қарағым» деген күйін шертеді. Екінші баласы Төреалымға — «Қанат сынар», үшінші баласы Жайкелдіге — «Құмарым», төртінші Бекенге — «от сөнер», бесінші Қауасқа — «Бақыт көшті», алтыншы баласы Жұлзарға — «Күн тұтылды» деген күйлерді арнайды. Қарт ең кіші баласы Қияс қайтыс болғанда ақырғы, жетінші ішегін тағып, ұзақ тартылатын соңғы күйін шертеді. Шалдың балаларына арнап шығарған жеті күйі одан әрі дамытылып, ел арасына «Жетігеннің жетеуі» деген атпен тарап кетеді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі