Қорқыттың қырық жыл ғана өмір сүретіні аян болады. Осыдан кейін Желмаясын желдей ұшырып өлімнен қашады ғой. Қашқанмен Жаналғыш алдын орап, қайда барса Қорқыттың көрін қаздырып жатады. Бірақ көпке дейін Жаналғыш Қорқыттың жанын алуға бата алмай, құр босқа төңіректеумен болады.
Ақыры, бір күні Жаналғыш алтыннан сандық соқтырып, Қорқыттың жанын алуға бел буып, сайланып шығады. Мұны күні бұрын болжап білген Қорқыт ажалдың тұзағына түспеудің амалын ойлайды.
Күндердің күнінде Жаналғыш ақыры Қорқытпен бетпе-бет келіп: «Кір мына сандыққа!» деп бұйырады. Қорқыт болса күні бұрын ойластырған амалына салып: «Кіруін кірер едім, бірақ мына қалпымда сандыққа қалай сиямын? Алдымен өзің кіріп көрсет, сонан соң дегенің болсын!» — дейді. Сол жерде Жаналғыш сандыққа кіріп көрсетпекші болғанда Қорқыт оны тарс жауып, аузын ашылмастай бекітеді де, дарияның суына ағызып жібереді.
Жаналғыш сандыққа қамалған қалпы ағып кете барады. Сөйтіп, халық көпке дейін өлім дегенді білмей, шат-шадымен ғұмыр кешетін болады.
Сол кезде дарияның аяғында ауы бос шықпайтын керемет бір ақжолтай балықшы болады екен. Бірде Жаналғыш қамалған сандық әлгі балықшының ауына түседі ғой. Балықшы «бұл не ғылған сандық» деп аузын ашқанда, сандық ішінен долдана ақырып Жаналғыш шығады. Ашу үстінде көзіне көрінген балықшының жанын алады. Сонан соң, Қорқыттың жанын алу үшін кектенген қалпы іздеп кетеді.
Ал Қорқыт болса бұл кезде Жаналғыштың өкшесіне түскенін есіне алып, «аңдыған жау — алмай қоймас!» деп мұңайып, сол көңіл-күйін қоңырлатып қобызына салған екен.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі