Халықтың айтуына қарағанда, Қорқыт деген аттың қойылуы кездейсоқ емес көрінеді. Қорқыт туған кезде жиналған жұрт бала орнына пішінсіз «құбыжықты» көріп, қорқып қашады. Анасы бала туғанын сезіп, пішінсіз «құбыжықтың» қабығын жарып жібергенде, жылаған баланың даусы естіледі, әлгі қорқып қашқандар қайта келіп, бұл баланың атын «Қорқыт» қою керек деседі.
Бір заманда біреулер түсінде Қорқытқа: «Қырық-ақ жыл жасайсың!» — деп аян беріп кетіпті, содан кейін Қорқыт желден жүйрік Желмаяны жазылап мініп, мәңгілік өмір іздеп шығады. Әлемнің бүкіл елдерін аралап, бәрінде де өлім бар екенін көрген соң, Сырдарияға қайтады. Желмаясын құрбандыққа шалып, өзі судың үстіне кілем төсеп отырып, Қорқыт қобызымен өмір әнін шығарыпты. осы ән айтылып тұрған кезде өлім Қорқытқа жақындай алмайтын болыпты. Қалжыраған Қорқыт бір мезет қалғып кеткенде, ажал оны жылан болып шағып, өлтірген екен. Бірақ Қорқыт күйі ажалмен айқасын тоқтатқан емес. Күй тартылған жерге ажал бара алмайды-мыс. Сол заманнан бастап Қорқыт бейнесі өмір үшін өлімге қарсы күреспен байланысты.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі