Керей атаның келіні Әйми, күйеуі өліп, жесір қалған соң, төркініне отауымен көшіп барып қоныстасып қалады. Жесірді ерден кетсе де, елден кетірмеуді қарастырған жесір иелері бұл жұмысты Бейсенбіге тапсырады. Сол заманда «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» жолы бойынша тұл әйелдің ер таңдау құқығы болады екен. Кеңеске қатысқан билер Әймиге ер таңдау құқығын береді. Билерді барлай қараған асқақ сұлу «Керейде мені алатын жігіт жоқ» деп қарысады.
Билер кеңесі Әймиге: «Сен керей жесірісің, көзің түсер еріңе, аяғың жетер жеріңе тоқта, керейдің бірінен ассаң да, он екі керейдің біріне тоқтайсың» деп кесім жасайды. Ақша жүзінде нұр ойнаған сұлу Әйми: «тұл әйелдің ер таңдау құқығы өзінде болса, осы топтағы билер қауымына құлдық ұрайын, керей жесірі екенім рас, керей биі Бейсенбіні таңдадым», — деп қол қусырып, басын иеді. Мына қойылған орынсыз талап Бежеңе оңай болған жоқ. Абақтың бір жесірін дауға түсіп, ақырында өзі алса, қандай әділет болмақ. Бұл іс билер кеңесінің сарабына салынып, «тұл әйелдің ер таңдау құқық заңы бойынша, әйелдің талап-пікірі орындалуы тиісті», — деп шешім жасалды. Әймидің талабы орындалмаса, «билер заң бұзды» деген халық наразылығына қалар еді. Осыдан соң билердің кесім жасауымен, жесір иелерімен ақылға келіп, тиісті қалыңмал бодауын төлеп, Бежең Әймиді әйел үстіне алып, жар етті.
Әйми ақыл-парасатты, ел-жұртқа жағымды, берекенің адамы болды. Әйми өзінің зерделі, ұнамды іс-әрекеті, ақжарқын, меймандос, сауықшыл өнерімен жұртқа да, Бежеңе де ерекше ұнады. Ол ұстаған үй түгел түсетін, белдеуінен ат кетпейтін, Бейсенбі бидің ардақты шаңырағына айналды. Осыны көре алмаған күндесі қызғаныш тудырды. Өзінің жақындарын, ырқына көнетін адамдарын Әймиге қастандық жасауға айдап салды. Осы қатігез, қараниет қайшылық жағдайында Әйми солардың қолынан қаза тапты. Бұл кезде Бейсенбі тағы бір съез-
ге кеткен еді. ұзақ жолдан ат соғып, суыт келген Бежең жар өліміне қатты күйзелді. Жүрегі тілініп, қабырғасы сөгілді. Ел-жұрт, ақсақалдар ақыл-кеңес бермесе, Бежең де құсаға булығып, тіршіліктен уаз кеше жаздады. Осы күйікті шер «Арман» атты күй болып бізге жетті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі