Өлең, жыр, ақындар

Танысаңшы

Бейсенбіге бұрыннан таныс бір домбырашы, нағашысының ауылына жолаушылай бара жатып, жол-жөнекей өрісте жатқан жылқыларды тамашалап, аралап жүрсе, сырттай күзетіп отырған ауыл адамдары одан сезіктеніп ұстап алады да, билердің алдына сұраққа апарады. Әсілі, жылқылы ауыл оның нағашыларының жамағайындары болса керек. Бұл кезде Бейсенбі де осы ауылда екен. Сұрақ үстінде Бейсенбі ұрыға баланып отырған домбырашыны қиын жағдайдан құтқару үшін, шабыттана қолына домбыра алып, бір түрлі қоңыр ырғақты күй төгеді. Әлгі домбырашы күй әуенінен «танысаңшы» деген ырғақты айқын ұғынады. Сонымен ол жалт беріп: «нағашыларымның ауылына келіп отырмын, бұлардың әр қандай жақсы ісі менің мақтанышым, арғымақ жылқыларын көргенде қуанғаннан көз алмай қарай бердім. Менің жақсы ниетімді жаманға жору жарамас» дейді. Сонымен ол сөзден ұтып, құтылып кетеді. Осылайша, ел ішіне Бейсенбінің «Танысаңшы» күйі тарап кетеді.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз