Тәттімбет танымал күйші ғана емес, тұтас Қаракесекте сөз ұстаған сері, шежіре-шешен болған кісі екен. Сонысынан болса керек, бір жолы ол Қаракесектің белгілі бір биі — Алшынбай бидің атынан омбыға жіберіледі. Тәттімбет бұл сапарында Шыңғыс Уәлиханов, Мұса Шорманов, Ыбырай Жайықбаев сияқты бірталай би-төрелермен сапарлас болады. Би-төрелердің жол бойы байқатқан озбырлығына, местігіне, елге танытқан суық рай зорекерлігіне іштей ызасы түсіп, ұнатпай келе жатқан күйші төрелер бір ауылға түсіп, мәжіліс құрып отырғанда, тыңнан бір күй шертеді. Бөгенайы бөтен бұл күйді байқап қалған төрелер: «Мынау қайсы күй екен?» — деп сұрап қалады. Сонда Тәкең:
Күйдің аты «Бес төре»,
Бесеуі де мес төре.
Санаң болса кеудеңде,
Жұмбағымды шеш төре.
өз еліне қасқырдай,
Мұнша неге өш төре?» — деп жауап қатып, күйді тағы қайырып бір шертіп жіберген екен. сөйтіп, күйшінің әйгілі «Бес төре» күйі осы омбы сапарынан туған екен.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі