Құрманғазы мен Лавочкин сол түні түрмеден қашып кетеді. Айналаны шарлап тастаған. Күйші небір жыра-жықпылды тауып, сәтте-ақ қараларын көрсетпей алыстап кетеді. Оның үстіне жәрдемдескен күзетші де құғыншылардың маңдайын басқа жаққа бұрып жіберіп, бұларға біраз уақыт ұтқызады. Иен далаға шыққан соң, бұлар еркінірек жүреді. Бір күн, бір түн жүріп, таң ата Лавочкиннің бір таныс балықшысының үйіне келіп дем алып, тамақтанады. Бірнеше күн тыныққан соң, Құрманғазы түрме досына өзінің еліне қайту керектігін, онда қалған ата-ананың хал-жайын білу керектігін айтады. Лавочкин қимас досымен айырылудың керек екенін білсе де, біраз уақыт тағы отырып әңгімелеседі. Құрманғазы қолына домбырасын алып, тағы бір күй шертеді. Ол күйдің бұрынғы өзі естіп жүрген күйлерге ұқсамайтынын, күйшінің тағы бір шығармашылық жаңалығы екенін Лавочкин сезеді де, ешнәрсе демей тыңдап, үлкен ойға батып отыра береді. Күйді аяқтаған соң, Құрманғазы Лавочкинге қарап: «Ананың бәрі де — ана, қай тілде сөйлесе де, олардың балаға деген мейірбандықтарының тілі әркімге де түсінікті, мына менің жалпыға тілі түсінікті күйімді сол орыс анаға — Лауішкенге арнаймын», — дейді. Құрманғазының «в», «ч» дыбыстарына тілі келе бермейтін. Сондықтан күйшінің өзі айтқандай, халық арасында бұл күй «Лауішкен» атанып тарап кетті. Досының мұндай сый тартқанына Лавочкин қатты риза болып, өзі домбыра тарта алмайтынына қынжылып, бірақ: «Сенің қолыңнан бұл күй халыққа жайылады ғой, шешеме көргенде айтармын» деп уәде беріп, құшақтасып қоштасып, екеуі екі жаққа жүріп кетеді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі