Өлең, жыр, ақындар

Өшпес үміт

Өшпес үміт

Зарлыков Мерлан Рустемұлы

Мен бала күнімнен менің күшігім мен мысығым болса деп армандайтынмын. Бірақ мен қаншалықты армандасам да менің арманым орындалмайтыны сөзсіз еді. Себебі менің ата –анамның  үй жануарларына  қышымасы болатын.

         Сөйтіп  күндердің күнінде көрші тұратын үйдің жанында бір мысық төлдеген екен. Оның балалары сондай сүйкімді, бірақ қараусыз еді. Ата-анам жұмысқа кеткеннен кейін дала  марғауларына тамақ апарып, тамақтандырып, бірге ойнайтынмын. Ал кешкілік сол марғауларды уайымдап, паналайтын жерлері жоқтығына мазасызданатынмын. Сөйтіп қараусыз қалған марғауларды  күндіз қарауылдап, түнде уайымдап, ертесіне ата-анамның жұмысқа кеткенін күтіп, оларды үйге  кіргізіп, қайта тамақтандырып, жуындырып, әрбір күнімді қызықты өткізетінмін. Сол мысықтар менің өмірімнен үлкен орын алса керек. Оларды әлпештеп күту мен үшін үлкен жауапкершілік.

         Ата-анам  мені үнемі жалғыз қалдыратын. Сол жалғыздықтан  шаршаған мен осы марғауларды серік етіп, достасып алдым. Олардың менің өмірімдегі орны ерекше еді. Бірақ ол менің үлкен құпиям болатын.

Сөйтіп күндердің күнінде жаз мезгілі аяқталып, күздің қара суық  күндері де келіп жетті.Ата-анаммен демалыста қалада болған едік. Сол кездегі менің уайымым аузыма жетті. Бірақ амал нешік. Менің қолымнан ештеңе келмеді. Сол  марғауларды  келгеннен кейін, қайта көргенім жоқ.

         Күндердің күнінде жайдарлы жаз мезгілі де келіп жетті. Менің үмітім өшкен емес. Сол көздері мөлтілдеген екі марғауды уайымдап, жүдеп біттім. Бірақ сонда да олардың жанымда жүретінін іштей сезетінмін.

         Бір күні көрші үйдің кішкентай қызы  сол марғауларды екі қолтығына қысып, жүгіріп келе жатқаны көзіме оттай көрінді. Менің қуанғаным сонша көзіме жас келіп «әйтеуір аман екен» деп бір күрсініп, қуанып, қуанышым көкке жетті.

         Сондағы түйгенім дала мысықтарын келесіде қайта көрсем,  оны ешкімнен жасырмай, бірден шындықты ата-анама айтып паналату менің міндетім екенін түсіндім.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз