Халық арасында әңгімелер бойынша, Құрманғазыны генерал-губернатор түрмеге жауып тастайды. Түрмеде күйші қалмақтың батыры Саранжаппен танысады. Саранжап өзінің ру басыларына бір нәрседен жазып қалып, оны осы араға алып келген екен. Екеуі ақылдасып көп ұзамай есебін тауып, Астрахан түрмесінен қашып кетеді. Олар Астраханнан 50 шақырым жердегі Ерғали Есжанов деген адамның үйіне келіп паналап, екі айдай жатады. Ерғали аздап оқығаны бар, орысша білетін көзқарақты адам екен. Өзі дарынды домбырашы Ерғали Құрманғазыны бұрыннан сырттай-ақ ұстаз ететін. Бақытсыздық жағдайымен үйіне келген Құрманғазыны әкесіндей күтеді. Осы бір кезеңде шыққан көптеген күйлерін үйретеді. Саранжапта күйшімен бірге болып, аздап тыныққасын еліне кететінін айтады. Құрманғазы сол арада: «Мынау саған арнап шығарған күйім еді. Екеуміздің бірге болғанымыздың естелігі болсын», — деп бір күй тартады. Ел арасында ол күй «Саранжап» атанып кетеді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі