Құрманғазы кенеттен кетіп қалғанымен жолшыбай батырларды сағынады. Олар жөнінде бала ораз ақынның:
«Төремұрат, Нарынбай,
Өте дегдар ерлерім.
Сол ерлерім барында
Қолдан намыс бермедім,
Құлшылыққа көнбедім...» — деген толғауын айтып, біраз уақыт жақсы өткен күндерін есіне түсірді. Бірақ баяғы Шөкеннің «боз қаңғыр» дегені көкейінен кетпейді. Бір жерге тоқтап демалып, ойланып, домбырасын алып күй шертеді. Қаншама қадірлі болып жүргенімен бір шөпжелке сөзінің мұншама ауыр тигені деп, өзінше осы оқиғаны да ізсіз тастамайын дегендей тағы бір шытырманды дүниеге келтіреді. Ол күйдің атын өзі «Боз қаңғыр» қойды. Кейінгі кездерде бұл күйді ойнағанда күйдің туар тарихын айтып отырады екен.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі