Төремұрат, Нарынбай ауылында жүріп киік атуға шыққанда үшінші киікке оқталарда Құрманғазы: «Киіктің қай жерінен тигізейін?» — деп сұрапты дейді. Сонда батырдың жолдастарының біреуі осы тигізе қояр деймісің дегендей: «Аяғынан» дей салыпты. Сонда Құрманғазы киіктің артқы аяғынан тигізіп, киік үш аяқтап ақсаңдап, қаша жөнелсе керек. Қожаңдап «қуамын» деген жігіттерге Құрманғазы ұлықсат етпейді. Өзі домбырасын алып сол арада бір күй шертеді. Құрманғазының сырына әбден қанған Төремұрат күйшінің қасына ешкімді жібермей, әбден домбырасын аяқтап болғанда ғана өзі барып: «Жиенжан, бұл арада тағы бір нәрсе туып қалды білем, атын қойдың ба?» — деп сұрайды. Сонда
Құрманғазы біраз кідіріп, қуанған емес, күйінгендей келбетпен:
— Нағашыеке, жаралының бәрі жаралы, жанның бәрі бірдей, өмір үшін күресте кімге оқ дарымайды? Біздің тұсымызда жаралы жан жалғыз киік пе? Атпайын-ақ деп едім, сіздің мына бір жігіттеріңіздің қыздырма сөзімен аттым. Анау ақсап кеткен киіктей жаралыларға арнадым бұл күйімді. Аты — «Ақсақ киік» депті дейді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі