Біздің үйдің жанында үлкен жазық бар болатын. Сол алаңқайда ауыл балалары футбол ойнайтын. Қазір де бір топ бала жиналған. Ұзақ қарап тұрдым да, қастарына жақындадым. Қайсы бірі кеше футболдан қалай жеңіліп қалғандарын айтады. Самат екі доп өткізіп алды емес пе? Тәрізі, жеңіліс Саматқа байланысты, олардың ойынша. Ал, Еркін болса капитанмын деп допты жеке ойнайды. «Қақпаға өзім соқсам» дейді, оның ойы. Әлгі жиналған топ қызылкеңірдек болып жатыр.
— Келесі кездесуде оларды қалай ойсырата жеңеді екенбіз. Шынында солай ғой, оларды тағы бір кездесуге шақырамыз ба, аға? — деді Самат өзін кінәлі сезініп.
«Аға!» деп сөйлегендігіне қатты қысылып кеттім. Олардың «шақырамыз» деп тұрғаны үшінші сынып оқушылары.
— Қайтесіңдер дауласып, кешегі ойында біздің командада қателіктер болған шығар. Сол кемшіліктердің орнын толтырып, бірімізді-біріміз түсіне білуіміз керек, — дедім үлкендігімді байқатып.
— Каникулдың бір аптасы босқа өтіпті. Бітірген ісіміз де шамалы. Кешке дейін доп қуалап жүргеніміз, мынау. Оның өзінде қиратып жатқанымызды білетін шығарсыңдар, — дедім байсалды үнмен.
— Ал сонда басқа не істемекпіз, — деді Самат. Мұның сөзіне Марат пен Жексенбек қосылып кетті.
— Ендеше бүгінгі күнен бастап әр күнді тиімді пайдалануға кірісеміз. Доп ойнауға да уақыт табылады...
— Ал бәріңдікі де дұрыс. Дегенмен жұмыстың жеңілі жоқ. Мына жұмыс қиын екен, енді бірі оңай деп сұрыптап бөлетіні жоқ. Істеген соң бәрі жұмыс. «Тамшыдан тама-тама көл» деген екен ертеде басы дәу біреу, — деп едім, барлығы да күліп жіберді. Дәу бас кім екен деп сұрақты жаудыртты шетінен. «Басы дәу дегенім ақылды адамдар ғой», дей салдым.
— Шынында да кеттік, кірпіш құямыз...
— Тез арада құдық қазып тастайық...
— Әне, өздерің көрмесеңдер көріңдер. Бақшада бір топ ешкілер жүр.
Марат, Самат және Жексенбектер тағы да керісіп қалды. Бірінің сөзін бірі жақтыратын түрі білінбейді.
— Әрқайсың өзіңе-өзің көмектесіңдер, — дедім ренжіп. Олар керілдесіп тұрғанда, күннің кешкіріп қалғанын білмей қалған еді. Күн бұларды мазақтағандай соңғы рет көрініп, ұясына еніп кетті.
Шақырған дауыс естілді. Үшеуі де төменгі сыныпта оқиды. Айтқан сөздеріне іштей риза болдым. Қарап тұрып кішкентай жүректен еңбекке деген екпін бар екенін сезесің. «Сендер әлі жассыңдар, достар» деймін. Кішкентай бүлдіршіндер қол ұстасып кетіп барады.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі