Үш көріністі қойылым
Қатысушылар:
Үш жүргізуші
Қанат, Санат, Наурызбай
АйкүмісТеңгегүл
Қожанасыр
Алдар көсе
Шықбермес Шығайбай
Қыдыр ата (сахна сыртында)
Тағы басқалар
Бірінші көрініс
Сахнада балалар көрінеді.
Үш жүргізуші (қосылып).
Күн менен түн теңелген күн,
Жұрт шаттыққа кенелген күн,
Наурыз тойы құтты болсын,
Төрт тілегіміз сәтті болсын!
Бірінші жүргізуші.
Жыл келді деп жар салайық,
Би билейік, ән салайық.
Біз ұлыстың Ұлы күнін
Думандатып қарсы алайық!
Екінші жүргізуші.
Күлейік те ойнайық біз,
Бал қызыққа тоймайық біз.
Күн шуақты көктем тойын,
Күндей күліп тойлайық біз.
Үшінші жүргізуші.
Наурыз жайлы білеміз не,
Білмегенге күлеміз бе?
Ата-әже айтқан сөзге,
Құлақ түріп жүреміз бе?
Санат (күліп). Сенің лағың да торт жей ме? Балалар, Наурызбай тортын жей берсін, ал біз наурыз көже ішеміз. Өйткені бұл күні барлық үй наурыз көже пісіреді.
Жүргізуші (сырттан кіреді). Балалар, Наурыз мейрамы туралы жақсы айта алғандарға... ән, тақпақ айтқандарға, домбыра тартқандарға... керемет сыйлығымыз бар. Ал сонымен... Наурыз көжені не үшін пісіреді? Оны не үшін ішеміз? Теңгегүл, сен айта ғой.
Теңгегүл (мүдіріп). Ішеміз ғой енді, тәтті болған соң.
Қанат. Әне, білмейді, сыйлық aлғысы бар, өзінің. Әжем айтады: наурыз көжені жоқшылық жоқ болсын деп, тоқшылық көп болсын деп, береке, бірлік болсын деп ішеміз.
Жүргізуші. Жарайсың, Қанат. Ал сен, Санат, айта қойшы, жылда кімнің үйінің наурыз көжесі тәтті болады?
Санат (іркілместен). Біздің үйдің.
Айкүміс. Иә саған, біздің үйдің көжесі, өткен жылғы наурызда оны өздерің мақтап едіңдер ғой.
Наурызбай. Бәрінен де біздікі тәтті.
Жүргізуші. Неліктен?
Наурызбай. Өйткені оны әжем пісіреді. Әжем осы ауылдың көп келініне наурыз көже пісіруді мен үйреткем деп отырады.
Айкүміс (орнынан ұшып тұрып). Наурыз ежелгі мейрам ғой. Оны шығыс халқының бәрі дерлік тойлайды. Сондықтан бүгінгі тойда мен бір ән айтып берейін.
Наурыз, көктем туралы ән айтады.
Санат. Айкүмістен қалам ба, мен жұмбақ айтам. Оны шеше алғандарың жаңылтпаш айтыңдар. Сонымен, дайын отырыңдар.
Бір ағаштың он екі бұтағы бар,
Әр бұтақта отыздан жапырағы бар.
Жапырақтың бір жағы ақ,
Бір жағы қара.
(Халық жұмбағы).
Қанат. Сол да сөз болып па, оп-оңай. Шешуі: жыл, ай, күн мен түн. Ал менің жаңылтпашыма тілдерің келмей, мың бұралады. Нанбасаңдар, менімен қосылып айтып көріңдерші. Ал бастаймыз.
Шымдай шытырмыш,
Ол шытырмышты мен шым-шытырмыштамай, кім шым-шы-тырмыштайды?
(Халық жаңылтпашы).
Осы кезде Наурызбай мен Санат ұмар-жұмар алыса кетеді.
Наурызбай (ырсылдап жүріп). Жаңа Наурызбай да, лағы да торт жей берсін деп... Енді жаңылтпашты Қанатқа қосылып айта алмадың деп... Неге мазақтай бересің сен мені, ә?
Санат. Торт жеймін деген өзің ғой. Өтірік пе?
Наурызбай. Қазір қыдырғанда мен сенің үйіңе бармаймын. Көжеңді ішпеймін.
Жүргізуші. Наурызбай, Санат, бұларың не, қойыңдар. Бұл күні ренжісуге болмайды. Қайта адамдар бұрынғы өкпе-реніштерін ұмытып, татуласады. Кәне, татуласыңдар.
(Наурызбай мен Санат текетірестерін доғарып, жүргізушіге кінәлі кейіпте қарап, бір-біріне қырын қарап тұрып, қол алысады.)
Жүргізуші. Наурыз күні бұлай татуласпайды. Соны да білмей-сіңдер ме?
Теңгегүл. Мен білем. (Наурызбай мен Санаттың құшақтарын айқастырады.) Бұны төс қағыстыру дейді. Наурыз тойында осылай татуласады.
Жүргізуші. Сонда өкпе-реніштеріңнің бәрі ұмытылып кетеді. Бойларыңа бір-біріңнің мейірім, жылуың тарайды. Ал, балалар, енді наурыздың ұлттық мейрам болуына алаш ардагерлерінен кімдер аянбай атсалысқан?
Балалар(ду-ду етіп).
Балалар. Мен айтайын, мен айтайын... Мен... мен білемін...
Жүргізуші. Ал сен айта ғой, Наурызбай.
Наурызбай. Наурыз... наурыз... (мүдіріп, құлағын ұстап, кекі-лін сипап) иә, иә, білемін. Наурызда мен туғанмын, сосын біздің үйдегі лақ туған.
Жүргізуші(балаларға қосыла күліп). Дұрыс айтасың, сен ту-ғансың, сосын лақ. Сондықтан сенің атыңды Наурызбай қойған. Наурыз айында туғандарың орындарыңнан тұрыңдаршы.
(Залда он шақты бала дүр етіп орындарынан тұрады.)
Жүргізуші. Отыра қойыңдар. Балалар, сендердің наурыздағы туған күндерің құтты болсын!
Наурызбай. Иә саған, бүгін тек менің ғана туған күнім болады. Мен 22 наурызда туғанмын. Торт жейміз, сосын...
Залдан (бір бала орнынан ұшып тұрып). Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, Шәкәрім қажы, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин.
Санат. Міржақып Дулатовтың: «Қуанышты күнің, Жаңа жы-лың құтты болсын, қазақ» деген де сөзі бар.
Наурызбай. Санат, сен айтшы, жаңа татуластың қой, Наурызға байланысты қандай мақал-мәтел білесің?
Санат(ойланып барып). «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын».
Наурызбай. Демек, бұл күні бұлақ көздерін ашып, тал егу керек қой, иә. Тоқта, тоқта, өткен жылы мен еккен шыбықтың қабығын сенің сынық мүйіз ешкің кеміріп тастаған.
Санат. Айналасын қоршамаған өзіңнен көр. Менің еккенімнің бәрі көгеріп тұр ғой. Жалқаусың.
Наурызбай. Мен бе жалқау? Алысқанға ерінбеспін. (Санатқа жетіп барады.)
Санат. Иә, сен ұрыс-жұлысқа жалқау емессің ғой. Кел, күшіңді көрелік.
Залдан. Күресіңдер, күресіңдер. Қай жеңгенің біздікі. Наурызда күреседі. Ұлттық ойын ойнайды. (Наурызбай мен Санат белдесе кетеді. Ақыры итжығыс болады.)
Жүргізуші. Жарайды енді. Тағы да төс қағыстырып, татула-сыңдар. (Залға қарап) Балалар, әсіресе қыздар, айта қойыңдаршы, Наурызда ең бастысы не істеу керек?
Залдағылар тым-тырыс.
Қанат (мақтана). Соны да білмейсіңдер ме? Үйді, үй айналасын, үсті-басыңды таза ұстау керек. Қыдыр ата тазалықты жақсы көреді. Түні бойы ұйықтамай, одан тілек тілесеңдер, армандарың орындалады. Жаман оқитын бала жақсы оқитын болады.
Наурызбай. Үйімнің айналасы таза, үстім таза. Шаш, тырнақ алынған. Түні бойы ұйықтамай, Қыдыр атаны күтем.
Айкүміс (сылқ-сылқ күліп). Ой, өтірігіңе болайын. Сенен ұйқы coғap адам жоқ. Таңертең сабақтан қалып, есік сығалап тұратын кім?
Наурызбай (желкесін қасып). Ондай-ондай болады ғой енді. Бір-ақ рет.
Қанат. Соқ өтірікті! Бүгін өтірік айтуға болмайды.
Наурызбай. Иә, бүгін кереметсіңдер... Қойшы, сөзді көбейт-пей... Қарным ашып кетті, одан да үйді-үйге барып наурыз көже ішейікші.
Сахнадағылар. Дұрыс айтады. Көже, көже! Тойлаймыз, қыды-рамыз!
Жүргізуші. Кімнің үйінен бастасақ екен?
Санат. Таптым, таптым! Қожанасыр атаның үйінен... Ол кісінің үйіндегі «Үлкен қазан» тіріліпті дейді.
Сахнадағылар. Шынымен бе? Онда сонда барайық. Қызық көрейік.
Сахна жабылады.
Екінші көрініс
Сахнадағылар бір жерге топтаса қалады. Ортада дастарқан. Кішкене қара қазан. Қожанасыр мен Алдар көсе сөйлесіп отыр.
Қожанасыр (шапан киіп, сақал-мұрт жапсырған бала). Келің-дер, балаларым, келіңдер! Байдың өлген қазанын тірілтіп алып, наурыз көже пісіріп отырмын. Құдай бұйыртса, дәм татамыз.
Қанат. Ата, қазанды қалай тірілттіңіз? Қызық екен.
Қожанасыр. Сол да сөз болып па, барды жоқ қылып, жоқты бар қылып жатқан, мына заманда! «Байеке, – дедім, – мал төлдеп жатқанда қазан да төлдер. Бір қазаныңды бере тұр, құдай қаласа, бір қазаның шөжелердей шұбырған он қара домалақ қазанмен бірге қайтып келер». Бай қуана-қуана берді. Қайдам, тағы да туа алмай, өліп қалмаса...
Наурызбай. Ата, қорықпаңыз, бәріміз сізге үйден бір-бір қазан әкеліп береміз.
Қожанасыр (Наурызбайдың жеңіне қapaп). Ойпырмай, балам, үстіңдегі костюм-шалбарың менің ішігімдей су жаңа екен. Жеңі де менің жеңімдей тамақ жегіш екен...
Санат. Кешіріңіз, ата, Наурызбай деген нағыз салдыр-салақ, әйтпесе жеңін табаққа батыра ма?!
Қанат (қалтасына құрт пен ірімшікті тықпалап жатқан Наурызбайға қарап). Наурызбай, қам жеме, қалтаң шөлдесе, шай құйып берем.
Қожанасыр. Өзіме тартқан екенсің, Қанат балам. Менің де бір кезде шөлдеген қалтаға шай құйғаным бар.
Айкүміс. Өліп-тірілген қазанның көжесі тәтті екен. Рақмет, ата!
Қожанасыр. Ал, балалар, енді Шықбермес Шығайбайдың нау-рыз көжесін ішелік. Үйіне бармасақ, өкпелеп жүрер. Қанша дегенмен көршіміз ғой.
Алдар көсе(шек-сілесі қата күліп). Ай, аңқау Қожекем-ай, Шығайбай бізге ен далада шөптің басында шүпірлеп тұрған шықты да бермес.
Қожанасыр. Қайдан білейін енді, бүгін Наурыз тойы ғой...
Алдар көсе. Қой, болмас, сендерге еріп мен де барайын. Сараң-ның сазайын тартқызайын. Көжесін де ішеміз, жылы-жұмсағын да жейміз. Сазайын тартқызбасам, Алдар атым өшсін. Кеттік.
Шымылдық
Үшінші көрініс
Сахнадағылар орындарынан тұрып, екінші дacтapқaнғa жақындайды. Алдар көсе киіз үйдің жабығынан сығалаған кейіпте.
Алдар көсе. Жолымыз болды (алақанын ысқылап қояды). Шы-ғайбай қазы тіліп, бәйбішесі нан илеп, қызы тырнаның жүнін жұлып отыр екен. Тыңқиып тоятын болдық. (Алдар көсе үйге кірген болып) Наурызың құтты болсын, төрт түлігің сүтті болсын, Шығайбай!
Дастарқан басындағылар көзді ашып-жұмғанша алдарындағыны oтыpғaн орындарына жасырып, басқа нәрселерді қолдарына алып үлгереді.
Шықбермес Шығайбай(асып-сасып). Төрт түлігі құрғыр сүтті болмай тұр ғой... Менің қолымда тасқа, бәйбішеде ұршық, қызда ине... осы жетіскендіктен дейсің бе? Ауызды қу шөппен сүртіп отырған жай.
Алдар көсе. Оу, бізге сәлем бермесеңдер де, орындарыңнан тұ-рып, жасы үлкен Қожекеге сәлем бермейсіңдер ме?! Әрі бүгін төс қағыстырып амандасатын күн ғой.
Үйдегілер амалсыз орындарынан тұрады.
Алдар көсе. Міне, міне, Шығайбай мырза да наурыз тойына жақсылап дайындалған екен. Жарайсың, Шығайбай, шық берме-сең де, бізге осы жылы-жұмсақтар да жетеді.
Шығайбай(амалы құрып). Қазаныңды аса бер, бәйбіше! (Теріс қapaп) Піс, қазаным, бес ай!
Алдар көсе(мұны ecтin қойып). Отырайық он ай, ет піспейді оңай. Ал, балаларым, Қыдыр атаны бүгін ұйықтамай осында күте-тін болдық. Күтсек күтейік. Шығайбайдың үйінде бәрімізге бақ дарыр, бәлкім. Шықбермес-ау, қазір ең болмаса, наурыз көжеңді іше отыралық.
Шығайбай(маңғаздана). Бәйбіше, бір қазан көже бәрімізге жетеді. Құй, балалар ішсін.
Алдар көсе(тocтaқтaрдағы көжені қасықпен араластырған қалыпта). Оу, Шықбермес, мынауың сылдыр су ғой. Жеті дән-дәмнің бірі де жоқ қой. Наурыз көжеге сүр ет қосылмас па еді, ол қайда?
Шығайбай. Қазанда қайнап-қайнап, бәрі еріп кеткен ғой. Соны да білмейсің бе?
Алдар көсе. Саған дауа жоқ екен... (Миығынан күліп) Maғaн да дауа жоқ шығар, көр де тұр...
Жүргізуші (сырттан айтады).
Бәрі ұйықтап қалғанда,
Қалмайын деп арманда,
Етті Алдар жеп қойды,
Жазығым жоқ деп қойды.
Тулақ турап табанда,
Сала салды қазанға,
Шықбермесім жесін деп,
Тұра салып азанда.
Ой, атама, атама,
Таңды күтіп жата ма,
Шықаң «етке» бас салды,
Тулаққа тіс бата ма!
Шайнаңдады, шайнады,
Зығырданы қайнады.
Сазға отырғызды capaңды,
Алдар көсе айлалы.
Алдар көсе (таңертең түк болмағандай, көзін уқалай тұ-рып). Шықбермесім, Шығайбай, түнде жайлы жатып, жақсы тұрдың ба? Мен де жақсы ұйықтаппын. Қой, мына балалар да сабағына барсын. Қайтайық енді. Әлде тағы да жылы-жұмсағың бар ма еді?!
Шығайбай. Не дейді? Ойбай-ау, жолыңнан қалма, қу Көсе.
Қожанасыр (қалбалақтап). Алдар-ау, мына ұлыстың ұлы күні қанша ғасырдан бері бір-бірінен ажырамай келе жатқан шын достар осылай қоштаса ма екен?! Төс соғыстырыңдар, кәне! Балалар көрсін «шын достықтың» қандай екенін...
Бірінші жүргізуші. Шықбермес Шығайбай тартқыншақтаса да Алдар көсе оны қуалап жүріп төс соғыстырады. Сонда қойнына тыққан ыстық күлшесіне Шығайбайдың кеудесі күйіп қалыпты дейді.
Екінші жүргізуші. Сөйтіп, балалар, ұлыстың ұлы күні ән де, тақпақ та айттық, би билеп, домбыра да тарттық.
Үшінші жүргізуші. «Өлген қазанды» да тірілттік, Шықбермес Шығайбайдың да наурыз көжесін іштік. Ой, қызық болды! Той тойға ұлассын!
Қыдыр ата (сахна сыртында көрінбей тұрып бата береді).
Ұлыс бақты болсын!
Әр күндерің жақсы болсын!
Ақ мол болсын!
Бәле-жала жерге енсін.
Той құтты болсын,
Ырыс мол болсын!
Әумин!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі