Тоқаның «Саржайлауының» дүниеге келуіне қатысты ел ішінде екі-үш түрлі әңгіме айтылады.
Біріншісі, қырғыз манабы Шәбденнің асымен байланысты айтылатын әңгіме. Алатаудың қазақ-қырғыз болып тең жайлаған апайтөс алқымында Шәбденнің әйдіңгер асы беріліп, оған қазақтың жеті уезінен игі жақсылар шақырылады. Арқаның Ақтау дуанынан Сайдалы Сары Тоқа бастаған бір топ адам келеді. Тоқа құр қол келмейді, Шәбденнің асының жөн-жоралғысы деп елу меңсіз қара жылқы айдап келеді. Бұған қоса
әнші-күйшісін, сұңғыла шежірешісін, жауырыны жер иіскемес балуанын, үкілеген бәйге атын, қысқасы, тамақсау мешкейіне дейін жанына ертеді. Содан Алатауды теңселткендей айтулы ас беріледі. Аста Тоқаның Тайқасқа деген аты аламан бәйгеден бірінші келіп, Бақа деген балуаны белдескенін жығып, өзі қырғыз-қазақ домбырашыларын аузына қаратып, үш бірдей жеңіске ие болады. Сол жеңістердің жүлдесі ретінде мың сом ақша, үкілеп кілем жабылған жеті арғымақ, жеті тайтұяқ алтын Тоқаның алдына тартылады. Сонда Тоқа: «Бұл дүние мені пейішке енгізер деймісің, салдым ошаққа, жеті уезд елінің басы бүйтіп күнде қосыла бермес, қылдай етіп бөліп беріңдер!» — деген екен.
Содан, Шәбденнің асы тарқап, абыройы аспандаған Тоқа серіктерімен елге қайтып келе жатқанда: «О, шіркін, біздің Арқа елі осы кезде бой жазып, жайлауға шашырап қонып жатыр-ау!» — деп, туған жеріне деген сағыныш сазындай бір күйді ат үстінде шертеді. Тоқаның әйгілі «Саржайлауы» осылай шығып еді дейді, ел ішіндегі әңгіменің бір парасы. Бұл дерек бойынша, «Саржайлау» күйінің алғашқы тыңдаушылары Жетісу жұрты болған.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі