Кіші жүздегі он екі ата Байұлының бір бұтағы Адай болғанда, Адайдан тарайтын іргелі рулардың бірі Қырықмылтық деп аталады. Сол Қырықмылтықтың бір тармағы Мұқалдың ішінде Қарабас деген қадірлі адам өткен. Қарабас дүние салғанда үш жүздің бір-бірімен құлақтас адамдары тегіс күйзеліп еді дейді.
Қарабас балалары әкесінің асын Алшынның жуан ортасы деп Құмауытта өткізіпті. үш жүзге сауын айтып, бас бәйгеге елу түйе, екі жүз елу қой тігеді.
Қарабастың асында үш жүздің небір нәнталап ығай-сығайларынан басқа, қатысам деген үміткерлердің де бетін қақпайды. Сондай үміткерлердің бірі Табын ата елінен келген Жұбан деген жігіт екен. Мініп келген құла қасқа атының қолдауы түсіп, сылти басып келгеніне қарамай бәйгеге қосатынын білдіреді. Жұрт ішінде Жұбанды қыжырта кемсітіп, әжуа етушілер де болады. Жұбан мұның бірін елемей, құла қасқасын тәуекел деп бәйгеге қосады.
Ұзын саны алпысқа тарта бәйге аттарының ішінде Жұбанның Ақсақ құласы жалғыз қара болып бірінші келеді.
Осы оқиғаны көзімен көріп, көңіліне тоқыған Сарымалай сыбызғысына күй етіп тартқан екен.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі