Ықыластың туған жері — Тама әкімшілік тұрғысынан ол кезде Ақмола уезіне бағынатын. Ояз бастығы, басқаша айтқанда «дуанбасы» Ерден деген біреу болады. ол ешкімнен, ешнәрсемен санаспаған ниеті қара, қатал жан атанады. Ол әсіресе негізгі тұрғындары Арғын руы болып саналатын бұл жерге ауып келген Тама руына тым қыспақтық жасайды. Екі руды таластырып, Ерден өзінің бас қамын ойлайды. Бір күні
Тама руының өкілі жинаған алым-салыққа мүсе тұтпаған Ерден, Арғындармен шектес отырған Тамалардың жылқысын қуып әкелуге өз шабармандарын жұмсайды. Таманың адамдары «абыройлы, беделді» Ерденге келіп ешбір жазықтарының жоқ екенін, тиісті алым-салықтарын тиісінше төлегендерін айтып, мал-мүліктерін қайтарып беруін өтінеді. Олардың сөздерін құлағына ілмеген Ерден, тіпті «түрмеге айдаймын»
деп қорқытады. Тіпті, ол ол ма, Ерденнен көңілі қалған оның бір атшабарманы Ықыласты қамшымен сабалап бәлеғаттап оның жалғыз атын тартып алады, қобызын тағы сындырмақшы болады. Ашуға булыққан Ықылас жаяу болса да Ақмолаға барып «дуанбасына» өз көзімен көрген атшабарман әділетсіздігін айтуға бел буады. Бірақ ауылдастары Ықыластың бұл ойын мақұлдамайды. Ерден ол ойлағандай ақкөңіл емес, ол қайта біздің жылқымызды қайырып беруді өтінген ақылды азаматтарымызды дымсыз қуып жіберген, «ол, сені, Ықылас тіпті кісі құрлы көрмейді» дейді олар.
Бірақ Ықылас ауылдастарының бұл ақылын тыңдамайды. Жолда ол «Жалғыз аяқ» күйін шығарады. «Егер би бір ауылды ғана билесе, — дейді Ықылас, — менде жүрегі таза, ар-ұяты бар адамдарды билейтін күш бар, менде, менің өтінішімді «жарым патшаның» өзін тыңдауға мәжбүр ететін қобыз бар».
Жолда — Ақмолаға жақындағанда, Ықылас Ерденнің сүйікті ұлы Айменденің өліп, оның ауыр қазаға ұшырағанын, Ерденнің кеңсесінде сирек болатынын естиді. Қолтығына қобызын қысып, Ықылас Ерден үйіне келеді. Алдынан қарсы шыққан Ерденнің малайы «дуанбасының» үйде екенін, бақсыны қабылдауға құштар екенін айтады. ол кезде қобыз ұстағанның бәрі бақсы атанатын. Басын төмен түсіріп, Ықылас төр үйге кіреді. Қайғысына ортақтасқандай болып, ол қысқаша дұға оқиды да, өзінің қобызын ала салып қайғылы-қазалы күйін ойнай бастайды. Күйдің музыкасына шыдай алмаған Ерден мен оның үй-іші ұзақ жыласады. Қайталап тағы және тағы ойна дегендей Ерден Ықыласқа басын изеп белгі береді. Көңілі толған Ерден Ықыласқа жақсылап қонағасын беріп, кетерінде: «Қандай өтінішің бар еді?» — деп сұрайды. «Менің бір ғана өтінішім бар, егер мүмкіндігі болса, Тама руының жылқысын қайтарып бергізуіңізді сұраймын», — деді Ықылас. Ерден бұл өтінішін
орындайтынына уәде береді, Ықыластың тағы бірнеше үйінде жатып, өзінің қобыз ойнап, үй ішінің көңілін аулауын өтінеді. Ерденнің ұлы Айменде өліміне арнап шығарған Ықылас күйі халық арасына «Ерден күйі» атанып тарап кеткен.
Nerry
Қызық