Ықылас қобызшы жол жүріп келе жатып, бір өзеннің жағасындағы жалғыз ағаштың түбіне тоқтаған екен дейді. Астындағы атын отқа қоя беріп, ағаштың көлеңкесінде дем алмақ болған. Кенеттен шырылдап бәйек болып, ағашты айнала ұшып жүрген торғайға көзі түседі. Ықылас ағаштың басына көз жіберсе, әлгі ағаштың бұтағында ұя бар екен, содан бастары қылтиып-қылтиып тұрған балапандар көрінеді. Олар да жанұшыра шырылдайды. Сөйтсе, ағаштың бойымен ұяға қарай жылан өрмелеп бара жатыр екен. Балапандарға жаны ашып кеткен, Ықылас қамшымен жыланды ұрып өлтіріп, суға тастайды. Сол кезде құс та ұясына жетіпті. Сонда ықылас: «Жыртқыштың аты жыртқыш деген осы-ау. Адам да, жылан да өзінен әлсізге зорлық қылады. Өмірдегі осындай қарау-қиянаттың қасіретін қобыз күйімен халыққа жеткізсем» деп ойлаған екен.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі